12 Наурыз, 2020
1435
Ақтау: Ерекше тұлғадағы балаларға арналған футбол мен теннистен шеберлік сыныптары
Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер қозғалысының негізгі төртінші бағытының бірі - «Тәрбие», спорттық (азаматтық ұстанымды, патриотизмді қалыптастыру, ел өңірлерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту және т.б.).
Осы бағыт бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы «NEXT ЧЕМПИОНМЫН» республикалық акциясының тұжырымдамасын әзірледі.
Оны іске асыру мақсатында Маңғыстау облысы бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.
«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде ерекше тұлғадағы балалар үшін үстел теннисінен және «Каспий» футбол клубында футболдан шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат – осал топтағы балаларды спортқа тарту, оларға қолдау көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
«Ұйымдастырылған спорттық шаралардың маңыздылығы жоғары деп санаймын. Теннисті балалар өте керемет ойнады. Спортқа, оның ішінде тенниске қабілеттерінің жоғары екендігін көрсетті және ойын да балаларға ұнады. Осымен шектелмей, алдағы уақытта да спорт саласы бойынша еріктілік қызмет жалғасын табатын болады», - деді Маңғыстау облысы ҚХА еріктісі Руслан Баматгереев.
«Үстел теннисінен шеберлік сынып сағаттарын ұйымдастастырып, ерекше тұлғадағы балаларға қолдау көрсеткендері үшін облыстық ҚХА-ға алғысымызды білдіреміз. Жаттықтырушыларға балалардың ойындары ұнады. Өйткені балалар спорттың осы түрін бұрыннан да ойнап, үйреніп жүргендерін, қабілеті бар екендіктерін көрсете білді, спортқа өте жақын, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Сондықтан да ұйымдастырушы еріктілер алдағы уақытта айына бір рет балаларға спорттың осы түрінен үйірме өткізуге ұсыныстарын білдірді. Тағы да бір қуантарлық жағдай, өңірлік этномәдени бірлестіктер осы ерекше тұлғадағы балаларға арнап ракетка, шариктер, мүмкіндік болып жатса, үстелдер алып беру жолдарын қарастырып, қолдау көрсететіндіктерін айтты», - дейді «Маңғыстау облыстық ерекше тұлғалардың дене шынықтыру және спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Маңдайлы Жарылгас.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
сегодня, 11:50