Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қазан, 2015

1871

Ақтауда «Алтын күз» мерекесі тойланды

4 қазан күні Ақтауда «Алтын күз» мерекесі кеңінен тойланды. Іс-шараны ұйымдастырушылары «Ала-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігі. Аталмыш мерекер қырғыз ұлтының қыз қуу, аударыспақ, қырғызша күрес, теңге алу сынды ұлттық ойындары ойналды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бағдарлама барысында өнерпаздар қырғыз ұлтының әні мен биінен шашу шашып, көпшілікті бір серпілтті. Іс-шара аясында ұйымдастырушылар келген қонақтарға ақ дастарқан жайып, сый-құрмет көрсетті.

«Қырғыз этномәдени бірлестігі «Алтын күз» мерекесін жыл сайын тойлайды. Бұл мерекені атап өтудегі мақсатымыз – егіннің бітік шыққанын білдіру. Сондай-ақ, бұл мейрамды егіншілердің еңбек қорытындысы десе де болады. Шараға қатысқан барлық қонақтарға үлкен алғысымды білдіремін», - деді өз сөзінде «Ала-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазибеков.

Кейін қарай