
21 Наурыз, 2025
176
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Шымкент қаласында Астана алаңында көктемнің шуақты мерекесіне арналған басты іс-шара Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтті.
Наурыз мейрамы – жыл басы, өткенге есеп беріп, бүгінге көз жүгіртіп, болашаққа бағыт алған мереке. Күн мен Түн теңеліп, табиғаттың жаңаруы мен қайта оянуының белгісі болып табылатын Наурыз – ынтымақ, бірлік және достықтың мейрамы. Бұл мереке халықты біріктіріп, ортақ мақсаттарға жетуге ынталандырады.
Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктердің белсенділері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бұл айтулы мерекеге ерекше белсенділікпен қатысып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Этномәдени бірлестіктер өздерінің салт-дәстүрлерін паш етіп, ұлттық тағамдарын ұсынды. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестік өкілдері мерекелік шараны ерекше мән-маңызға бөле отырып, оған өз үлестерін қосты.
Мерекелік бағдарламаның аясында ұлттық спорт ойындары, цирк қойылымдары, қолөнер шеберлерінің көрмелері және театрландырылған көріністер ұсынылды. Көпшілік асыға күткен «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылымы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін бейнелеген әсерлі сахналық көріністермен өрнектелді.
Шараның басты көрінісіне айналған өнер жұлдыздары арасында Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота-Нұр, Бауыржан Исаев, Әбдіжаппар Әлқожа әншілер өз өнерлерін паш етіп, қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды