Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қазан, 2019

1821

Ақтауда ардагерлер шахмат ойнаудан жарысты

Ақтаудағы Достық үйінде Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті. 


Аталмыш іс-шараға облыстық Ассамблея жанынан ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.


Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Аманкүл Әбдіғалиқызы және осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Іс-шара барасында ардагерлерге арналған медицина бұрышы жұмыс жасады. Арнайы мамандар қариялардың қан қысымын өлшеп, кеңестер берді.


Турнир қорытындысы бойынша І орынды Юрий Ким, ІІ орынды Хазен Муртазин, ІІІ орынды Тағанияз Кенжебеков иеленді.

Кейін қарай