24 Наурыз, 2022
593
Ақтауда ҚХА мүшелері орталық мешітте мерекелік шараға қатысты
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бекет ата» орталық мешітінде өткен Наурыз мейрамын тойлауға қатысты.
Салтанатты шараны облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Елжанов Әнуар ашып, барша жамағатқа амандық, бақ-береке, зор денсаулық, дүниенің тыныштығын тіледі.
Мешіт аумағына киіз үйлер орнатылып, онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және «Ақтаулық мейрімділер клубы» еріктілер қозғалысының мүшелері дастархан жайды. Мерекелік дастарқанға қала тұрғындары, ақсақалдар, қаланың құрметті азаматтары, аз қамтылған отбасылар шақырылды.
Шара қонақтары «Қазақша күрес», «Көл күрес», «Арқан тарту» сынды сайыстарға белсенді қатысты. Киіз үйлердің бірінде қыз-келіншектер қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен театрландырылған көрініс қойып, сәбиге «азан шақыру», сондай-ақ «бесікке салу» рәсімін жасады.
Әзірбайжан, қырғыз, өзбек этномәдени бірлестіктері жүз келіден астам палау әзірледі. Қонақтар мерекелік дастарханда дайындалған үш түрлі палау, ыстық бауырсақ, шұбат пен тағы басқа тағамдардан дәм татты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32