Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қыркүйек, 2017

811

Ақтауда «Латын әліпбиіне көшу» мәселесі талқыланды

15 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Достық Үйі» ғимаратында республикалық бірыңғай күн шеңберінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Жиынның мақсаты – халық арасында латын қарпіне көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, түйінді мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасау.  

Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңес өкілдері, ҚХА «Жас қанат» жастар ұйымы, Ардагерлер кеңесі, «Қазақ тілі» қоғамы, Аналар кеңесі, Аудан соғысының ардагерлері, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қоғамдық келісім кеңесі, Ғылыми сараптамалық топ, Этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы кіріспе сөзінде алқалы жиынға қатысушыларды рет-ретімен таныстырып, іс-шараның мән-мазмұнына, мақсат-міндеттеріне қысқаша тоқталды. Әсіресе, латын алфавитіне көшудің жай-жапсарын, оның қажеттілігін баяндады.

Отырыс барысында, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Курдоглян Айрапет Алексанович, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің өкілі Цой Валерий Яковлевич, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Иванова Галина Борисовна бұл үдеріс қазақстандық жастарға ғылым мен техниканы меңгеруге жол ашып, төл әліпбиіміздің қайта жаңғыруына мүмкіндік беретінін алға тартты.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу перспективалары мен өзекті мәселелері, латын әліпбиіне көшудің тарихи-рухани қажеттілігі, латын әліпбиіне көшудің түркі елдеріндегі тәжірибесі тақырыбында «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Төлеуғалиев Бектұр, Ш. Есенов атындағы КМТжИУ «Тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Қуатова Гүлзира Абубакировна баяндама жасады.

Сондай-ақ жиынға қатысушы бір топ маңғыстаулық жастар, латын әліпбиіне көшу идеясын қолдап, бұл үдерістің сәтті жүзеге асуына барша халық болып  атсалысу керек деп қорытындылады.

Дата события ассамблеи: 18.09.2017

Кейін қарай