17 Қыркүйек, 2021
619
Ақтауда «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты республикалық лекториум өтті
Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты республикалық лекториум өтті.
Республикалық лектория аясында ішкі саясат саласы қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ «Этносаралық қатынастарды дамыту және орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды іске асыру жөніндегі комитеттің қызметі туралы» тақырыбында семинар болды. Спикерлер ретінде ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Үйсімбаев Еркін және ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Мәжитов Мақсат шақырылды.
ҚР этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Үйсімбаев Еркін өз сөзінде Қазақстан этностары интеграциясының негізгі институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жетілдіріліп жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында Маңғыстау облысындағы этносаралық ахуал, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы қалай жүріп жатқаны және этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі бөлімдердің қызметін күшейту және оларды тән емес функциялардан босату қажеттігі туралы мәселелер талқыланды. Ол үшін өңірлердегі этносаралық ахуалды сапалы талдауды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірленді.
ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Мәжитов Мақсат этносаралық қатынастар саласынан басқа, Комитет шетелдегі отандастарға қатысты диаспоралық саясатты жүзеге асыратынын атап өтті. Оны іске асыру шеңберінде шетелдегі қазақ диаспоралары мен Қазақстанға оралған отандастарды қолдауға бағытталған бірқатар шаралар қамтамасыз етілді. Шетелдегі этникалық қазақтармен және отандастармен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жалғасуда. Семинар соңында пікір алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады