26 Қыркүйек, 2017
1316
Ақтаудағы «Алтын күз» мейрамы
24 қыркүйек күні Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын күз» мейрамы болып өтті.
Еліміздегі ұлттар татулығы мен достығын насихаттайтын іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы хатшылығы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Ақтау қаласындағы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балалар, қарттар үйіндегі қариялар мен Қырғызстаннан келген қонақтар қатысты.
«АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазибеков дәстүрлі түрде өткізілетін бұл мерекенің биыл егіннің бітік шығуына орай ұйымдастырылғанын және егіншілердің еңбек қорытындысы екендігін атап өтті.
Бағдарлама барысында өнерпаздар қырғыз ұлтының әні мен биінен шашу шашып, көпшілікті бір серпілтті. Іс-шара аясында ұйымдастырушылар келген қонақтарға ақ дастарқан жайып, сый-құрмет көрсетіп, егіннің биылғы жемісі қауын-қарбыздан үлестіріп берді.
Сонда-ақ, мейрамда қырғыз ұлтының қыз қуу, аударыспақ сынды ұлттық ойындары ойналып, жеңімпаздар алғыс хаттармен, түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Дата события ассамблеи: 26.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Алтын кітап» баспасының бас редакторы Вячеслав Титенёвпен кездесуі өтті
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті