Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Мамыр, 2016

900

Ақтаулық оқушылар «Достық үйіне» келді

Ақтаудағы №2 мектептің оқушылары  Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктердің көрме жәдігерлерімен жабдықталған мұражайды аралады.

Экскурсия барысында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Самира Абдуллаева  Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы айтып өтті.  «Қазақстан – көп  ұлтты бір шаңырақ астына тоғыстырған мемлекет. Бүгінде Ассамблея қарқынды дамып келеді. Оның дамуы мен өсуі барысында Елбасының этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Ассамблея қазақстандықтарды бірлік пен татулыққа достық пен татулыққа шақырады»,- деді С.Абдуллаева жиналған оқушыларға.

Экскурсияға  барлығы 30-ға жуық оқушы мен олардың ата-аналары және ұстаздары қатысты. Ризашылығы мен алғысын білдірген ата–аналар:   «Ақтау қаласында неше жыл тұрсақ та, мұндай мұражайға алғаш келуіміз. Енді үнемі келіп тұратын боламыз», – деп ықылас, ниеттерін білдірді. Тағы бір қуантарлық жәйт, оқушылардың ішінде ұлттық киімге ден қойған жастар да болды. Бұл жастардың өзге ұлт мәдениеті мен әдебиетіне, салты мен дәстүріне деген қызығушылығы артып келеді дегенді білдіреді.  Этномәдени бірлестіктердің құнды жәдігерлерімен қоса тың дүниелерімен танысқан оқушылар іс-шара соңында естелікке суретке түсті.

     

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай