12 Қараша, 2015
881
Ақтаулық студенттер имаммен жүздесті
2015 жылғы 12 қарашада Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Смайл Сейтбековпен кездесті.
2015 жылғы 12 қарашада Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Смайл Сейтбековпен кездесті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, колледж студенттері мен мұғалімдері қатысты.
Салиқалы кездесу аясында С.Сейтбеков жастарға түрлі діни ағымдардан аулақ болу керектігін айтты. «Қазіргі таңда әлемде түрлі террорлық ұйымдар жастарды өзіне алдап тартуда. Сендер сондай қауіп-қатерден аулақ болыңдар дегім келеді. Себебі, ислам діні мейірімділік пен жақсылықтың діні. Онда ешқандай зұлымдыққа орын жоқ. Сондықтан, бейтаныс адамдар сіздерді дін жолындамыз деп, танысып, дін үшін террорлық әрекет немесе соғыс жасауға шақырса, ондай адамдардан бойларыңызды аулақ ұстауға тырысыңыздар. Себебі, ислам тек жақсылық пен сыйластықтың діні. Шынайы мұсылман ешқашан адам өлтіруге бармайды және ешқашан қастық әрекет жасамайды», - деді ол.
Жиын барысында этномәдени бірлестік басшылары жастарды өмірді бағалап, түрлі қақтығыстардан аулақ болуға шақырды. Олар сондай-ақ, ұлтаралық келісімді сақтаудың маңызына тоқталды.
Тағылымды шара соңында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасы жазылған және «Маңғыстау-келісім мен бірліктің мекені» атты ақпараттық парақшаларын таратты.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев «Turan-Astana University» студенттерімен кездест
-
ШҚО: Студенттер көшбасшы болудың қыр-сырын игеруде
-
Өскеменде болашақ БАҚ қызметкерлері ҚХА-ның Журналистер клубына қабылданды
-
Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Достық үйінде болды
-
СҚО-ның басты жоғарғы оқу орнында армян мәдениетінің күндері аталып өтті
-
СҚО-да шетелдік студенттер киелі жерлерді аралап көрді
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды