
17 Ақпан, 2016
1185
Ақын Мұса Жәлелдің туғанына 110 жыл
«Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы көрнекті ақын Мұса Жәлелдің 110 жылдығына арнап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алғыс айту мерекесі аясында шығармашылық кеш өткізді.
Біртуар ақын, әдебиетшінің құрметіне арналған концерт Достық үйінде ұйымдастырылып, іс-шараға ақынның шығармашылығын қадірлеуші этномәдени бірлестік өкілдері және жастар қатысты.
- Белгілі публицист Мұса Жәлелдің мерейтойын атап өту – татар халқының парызы деп білеміз. Ақынның өмір жолы елді сүю, ерлік пен батырлықтың айқын үлгісі болса, шығармашылығы – халыққа қызмет етуді мақсат еткен. Осындай шараларды өткізу, ең алдымен, жастарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. Татар халқының әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттау – этномәдени бірлестік қызметінің басты бағыттарының бірі, - деп өз ойымен бөлісті филиал директоры С. Сатретдинова.
Жиналған қауым «Идел» қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымымен бірге Мұса Жәлелдің өлеңіне жазылған әндерді орындап, халық билерін биледі. Сондай-ақ, Мұса Жәлелдің туындыларын мақтанышпен айтып берді.
«Мұса Жәлелдің сөздеріне жазылған көптеген әндер жер-жерде танымалдыққа ие болып, татар халқының игілігін асыратын мұраға айналды («Воспоминание», «По ягоды», «Волны-волны» және т.б.). Барлық өлеңдерінде бай татар тілі, ұлттың бар болмысы толық жеткізілген. Бұл өзінің жеке стилі ғана емес, сонымен қатар, өзі «халықтың дарындылығының бірден-бір белгісі» деп айтатын фольклорды жетік меңгергенінің дәлелі», - деп этномәдени бірлестік мүшелерінің бірі ерекше айтып өтті.
Ақын өткен ғасырдың басында дүниеге келіп, азаматтық соғыстың қырғын майданын көріп өсті. Бұл жылдары ақын шығармашылығында шынайы өмірдің оқиғалары көрініс тапқан. Бұған ақынның қоғамдық қызметінің де әсері мол болды. Орск уезінде нұсқаушы бола жүріп, татар, қазақ ауылдарында белсенді саяси-бұқаралық жұмыстармен айналысты. Бес жылға жуық балалар журналының редакторы қызметін атқарды. Редакторлық қызметте жүргенде балалар психологиясына ерекше ден қойды. Бүлдіршіндерге арнап пионерлік әндер мен мысалдар, фельетонды жарыққа шығарды. Одан бөлек хабарламалар мен көлемді мақалар жазып, «Шамбай дәптерінен» атты айдармен сатиралық материалдары да жарияланып тұрды.
Аз ғана өмірінде көп киындықты басынан кешірді. Тұтқында жүріп, фашизммен күресін тоқтатпады. Азаттық үшін күрескен ақынның «Моабит дәптерлері» атты шығармалар жинағы - осы күнге жеткен теңдессіз мұра.
Ұйымдастырушылардың айтуынша осы сынды кештер татар және башқұрт халықтарының ана тілдерін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамытуға септігін тигізетін игі шаралар.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Килиманджаро» шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Килиманджаро» шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды