
18 Наурыз, 2018
1134
Ақын Тарас – әділеттің жаршысы
18 наурызда «Достар-Әлемі» кешенінде ұлы украин ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың туғанына 204 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Аталған көрнекті тұлға туралы жазушы-академик Ғабиден Мұстафин: «Біз Тарас Шевченконы сөз өнерінің хас шебері, сөз өрнегімен ойды өрнектеген ақындарының бірі ғана емес, бірегейі - деп санаймыз. Украина мен Россия өз алдына, менің Қазақстаным да Шевченконы бостандықтың жалынды күрескері етіп тәрбиеледі. Біздің халқымыз оны ақын Тарас - әділет ақыны - деп атап кетуі тегін емес», - деп қоғамдағы әділеттілік пен теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөлген дара таланттың күрескерлік кескін-келбетін айшықтап өткен болатын.
Айтулы іс-шараны құттықтау сөзбен ашқан Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Е.Құсайынұлы ақынның шығармашылық мұрасының әлемдік маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Украинаның Қазақстандағы құрметті консулы Е.Досмағамбетов бұл іс-шараның көпжылдық дәстүрінің сақталуы туралы кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында украиндардың Қазақстанға қоныс аударуының 70 жылдығына арналған Халықаралық шығарма байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарға дипломды Қазақстандағы Украина Елшілігінің бірінші хатшысы В.Бондар табыс етті. Іс-шара барысында Е.Пашина жетекшілік ететін Халықтық Шахтер ән және би ансамблінің, А.Невзгода басшылық жасайтын «Рондо» гитарашылар ансамблінің және Г.Плеченнің басшылығымен дайындалған вокалдық орындаудағы өнер шеберлерінің концертін көрермендер ыстық ықласпен тамашалады.
Мерекелік бағдарлама соңында Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі қоғамының төрайымы З.Красивская қонақтар мен қатысушыларға алғыс білдірді.
Шара өте жоғарғы деңгейде дайындалып, өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ШҚО татар орталығының жастары Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабылдады
-
Елена Пак: Ұлы Абайдың 150-ден астам өлеңі мен бір поэмасын жатқа білемін
-
Қарағандыда Ж. Тәшенов жүлдесіне арналған жыр бәйгесінде Кәмшат Хасен «Жылдың үздік ақыны» атанды
-
Ақындар өлеңін оқыды
-
Өлең жазуды серік еткен ақынжанды ұстаз Санжар Ғұлама туралы үзік сыр
-
Ақтауда ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған поэзиялық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
ШҚО татар орталығының жастары Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабылдады
-
Елена Пак: Ұлы Абайдың 150-ден астам өлеңі мен бір поэмасын жатқа білемін
-
Қарағандыда Ж. Тәшенов жүлдесіне арналған жыр бәйгесінде Кәмшат Хасен «Жылдың үздік ақыны» атанды
-
Ақындар өлеңін оқыды
-
Өлең жазуды серік еткен ақынжанды ұстаз Санжар Ғұлама туралы үзік сыр
-
Ақтауда ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған поэзиялық кеш өтті