Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2023

254

Абай күніне арналған «Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби сазды іс-шарасы өткізілді

Бүгін Ақтөбеде Абай ескерткіші алаңында 10 тамыз – Абай күніне арналған «Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби сазды іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы Абай шығармашылығы насихатталды.

Шарада елімізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ертай Ашықбаев қазақ әдебиетінің, қазақ руханиятының күні – Ұлы Абай мұрасының құндылығы мен шығармашылығын сөз етті. Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Абайтанушы – Қонбай Қуанышбай Пірмаханұлы мен ҚХА жанындағы Ғылыми сараптамалык топтың мүшесі, Философия гылымдарынын докторы, профессор Тайжанов Алтай Тайжанұлы Ұлы Абайдың шығармашылығы туралы, ұлы ойшылдың мұрасына деген сүйіспеншілікті жастардың бойында тәрбиелеу бойынша ғылыми зерттеулеріне тоқталды.

Аталмыш шараға хатшылық меңгерушісі, ҚХА жанындағы этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, ақсақалдар, аналар кеңесі мүшелері, ҒСТ, «Ассамблея жастары» РҚБ, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.





Кейін қарай