21 Маусым, 2024
303
Абай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті
Облыстық сессия «Бірлік, Жасампаздық, Өрлеу» тақырыбында өтті. Сессия жұмысына облыстық ҚХА мүшелері, қоғамдық құрылымдардың, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Ақсақалдар кеңесінің, Аналар кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Сессия қазақ тілін дәріптеу, мемлекеттік этносаралық қатынастар саласындағы саясатты жүзеге асыру және елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен бірліктің қозғаушы күші ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.
«Ассамблеяның ел бірлігін нығайтуда алар орны мен қосар үлесі көп екені белгілі. Қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың кепілі болған саяси институттың әлі де талай игі істің бастамашысы болатынына сенімдімін. Өз кезегінде ассамблеяға мүше этномәдени орталықтар, қоғамдық институттар түрлі мәдени іс-шараларға мұрындық болып қана қоймай, волонтерлік және қайырымдылық шараларға ұйытқы болуда», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Достық үйлері Ассамблеяның маңызды бастамаларын жүзеге асыру үшін жалпыұлттық интеграцияның қажетті алаңы және сенімді базасы бола білді. Облыста осындай бес Достық үйі, қалалар мен аудандарда ҚХА-ның көптеген қоғамдық құрылымдары жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың бастамасымен 60 мыңнан аса адамды қамтыған 500-ден астам әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өтті.
Биыл облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен этномедиация мен «Жомарт Жан» орталықтары өз жұмыстарын бастады. Бұл жаңа алаңдар жобаларды жүзеге асыруға және қоғамды ынталандыруға ықпал етеді. «Мың бала» республикалық жобасы аясында өңірдегі түрлі этнос өкілі қатысатын «Ел тірегі – тіл» облыстық байқауы өтуде.
Облыстық Сессия аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты