
29 Сәуір, 2016
2023
Ғабдолла Тоқайдың 130 жылдық мерейтойы
Әр заманда әр ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын біртуар ақын, болашағына алаңдайтын жанашыр қайраткері болады. Ежелгі Грецияда Гомер, орта ғасырдағы Италияда Данте, Англияда Шекспир, Германияда Гете, Россияда Пушкин болса, татар халқы үшін Ғабдолла Тоқай шығармашылығының алар орны ерекше.
26 сәуір күні татар әдебиетінің негізін салушы ақын Ғабдолла Тоқайдың туғанына 130 жыл толды. Ұлы ақынның шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш Достық үйі және «Шалқыма» концерттік залында өткізілді. «Ихлас» татар-башқұрт облыстық қоғамдық мәдени орталығы ұйымдастырған кешке, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, татар этносының өкілдері мен ақын шығармашылығының жанкүйерлері қатысты.
Концерттік бағдарламаға «Ихлас» татар-башқұрт облыстық қоғамдық мәдени орталығының әртістері, Шахтинск қаласының «Алсу» татар халықтық ансамблі өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым мүшелері ақынның өлеңдерін оқып, музыкалық туындыларын да орындады. Іс-шара барысында Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығы жайында кеңінен айтылып, ұйымдастырушылар ақынның Қазақстанда өткізген өмір жылдарына тоқталды.
Аталмыш әдеби-музыкалық кешке өзге этномәдени бірлестіктердің музыканттары, хореографиялық ансамбльдері атсалысты. Тыңдармандарды өз өнерімен тәнті еткен орындаушының бірі – Виолета Фомичева. Виолета «Ахыска» түрік ұлттық орталығының солисі. Бұл күні әнші алғаш рет татар тілінде ән айтып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.
«Ихлас» татар-башқұрт облыстық қоғамдық мәдени орталығының төрағасы Анвар Керейбаев, татар әдебиеті мен мәдениетіндегі атаулы күнмен жиналған қауымды құттықтай келе өз сөзінде: «Ғабдолла Тоқай - ғұмыры қысқа болғанымен, татар әдебиетінде өшпес із қалдырып, халық жадында мәңгі сақталды. Әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан көптеген жерлестеріміз «Біздің Тоқай» деп ерекше мақтанышпен және асқан құрметпен айтып жүр», - деп атап кетті.
Достық үйінде өткізілген концертте «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының Ассоциациясы» Қарағанды филиалының «Зайтуна» ансамблі Ғ.Тоқай сөзіне жазылған әндерді орындады. «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігі де белгілі ақынның мерейтойына арнайы атсалысып, орталықтың би ансамблі өз өнерімен көрермендерді тамсандырды.
Ақынның шығармашылық ғұмыры бар жоғы сегіз жылға ғана созылды. Ғ.Тоқай 27 жыл өмірінде 400-ден аса өлең, 9 поэма, 350-ге жуық әңгіме, очерктер мен естеліктерді қалдырды, одан бөлек көптеген ертегілер, памфлетттер мен фельетондар, эсселер жазушының шығармашылық мұрасының ажырамас бөлігі. Өлең жолдарының алғашқы жолдарында-ақ ұлт тағдыры, татар халқының сауаттылығы жайында баса айтса, мәдени және білімді қоғам құру – ақын шығармашылығының идеясына айналды.
Жазушы балалар әдебиетін қалыптастыруға сүбелі үлес қосты. 1909-1910 жж. «Бала жаны» және «Көңілді парақтар» кітабы мен татар жазушыларының үздік туындылары кірген «Мектептегі ұлттық әдебиет сабақтары» атты балалар прозасы мен поэзиясы анатологиясын жарыққа шығарды.
Ақын өлеңдерін қазақ тіліне алғаш М.Дулатов пен Е.Бүйрин, Кеңес өкіметі жылдарында Ж.Сыздықов, Т.Әбдірахманов т. б. аударды. Ғ.Тоқай шығармашылығын М.Әуезов, С.Мұқанов, Т.Нұртазин, С.Талжанов, Ж.Сыздықов, Б.Ысқақов т. б. зерттеп, мақалалар жазды. М.Әуезов Тоқай шығармашылығын жоғары бағалай келіп, оның Абай поэзиясымен рухани жақындығын атап көрсеткен.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Форум жалғасын тапты
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Атырауда кәріс халқының Жаңа жылдық мерекесі аталып өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Форум жалғасын тапты
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Атырауда кәріс халқының Жаңа жылдық мерекесі аталып өтті