
18 Ақпан, 2016
1140
Агния Барто – барлық балалардың құрдасы (Достық үйіндегі әдеби мереке)
Өткен демалыста қонақжай Достық үйінде керемет адам, ақын, балалар жазушысы – Агния Бартоның мерейтойына арналған мереке өтті. Музыкалық әдеби мерекені славян мәдени орталығының кітапханасы мен Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға әр түрлі жастағы 200-ге жуық балалар және олардың ата-аналары қатысты.
Агния Львовна – 1906 жылдың 17 ақпанында Мәскеуде дүниеге келген. Сол жерде ол оқып, есейді. Ол гимназияда керемет білім алды және сол кездері өлең жаза бастаған. Гимназияның көптеген тәлімгерлері сияқты ол да Ахматованың шығармаларын сүйді және соған ұқсауға тырысты. Дәлірек айтқанда, «күміс ғасыр» туындылары Агния Бартоның бойында балалар шығармаларының авторы болуы үшін қажет қасиеттерді тәрбиеледі, бұл – сөзге деген таусылмас құрмет.
1925 жылы жазушының балаларға арналған «Китайчонок Ван Ли», «Мишка воришка» атты алғашқы өлең кітапшалары басылып шықты. Балалар үшін жаңаша поэзияның қаншалықты маңызды екендігі, әдебиеттің болашақ азаматтың тәрбиесінде қандай рөл атқаратыны туралы Маяковскиймен болған әңгіме Бартоның поэзия бағытын таңдауында шешуші рөл атқарды. Жаңа кітаптар бірінен соң бірі шықты. Олардың қатарында: «Братишка» (1928), «Мальчик наоборот» (1934), «Игрушки» (1936), «Снегирь» (1939) атты кітаптар бар. Бартоның өлеңдері бірден әйгілі болды, оны барлық адамдар сүйіп оқыды.
Агния Львовна әрқашан көп жұмыс істеді, кітаптар жазды, балалармен кездесті, жас ақындарға қолдау көрсетті. Көп жылдар бойы Барто балаларға арналған әдебиет пен өнер қайраткерлері қауымдастығын басқарды, Халықаралық Андерсен жюриінің мүшесі болды. 1976 жылы Х.К.Андерсен атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Бартоның өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.
«Наша Таня громко плачет,
Уронила в речку мячик,
Тише, Танечка, не плачь,
Не утонет в речке мяч!» - бәлкім, Бартоның бұл өлеңін білмейтін жан жоқ болар!
Осы мерекелік кеште А.Бартоның шығармашылық әлеміне барлық қонақтардың саяхал жасауына Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары өз септіктерін тигізді. Олар ақынның өлеңдері бойынша әдеби композиция дайындады. Оның өлеңдері ғажап сазды болып келеді, олардың көбіне ән жазылғаны жайдан жай емес. Павлодар қаласының №1 музыкалық мектебінің оқушысы Жаткина Карина «Ножками затоптали» әнін орындады. Сүйікті ақынының мерейтойына арнап болгар этномәдени бірлестігінің мүшесі Злата Казанжи өзі жазған әнді орындады. Павлодар қаласының №1 музыкалық мектебінің оқушысы Богатыренко Милана «Первая любовь» өлеңін орындады, Роман Новосельцев белгілі ақынның өлеңіне жазылған «Две бабушки» әнін орындады.
Кештің кішкентай қонақтары балалар жазушысының оннан аса шығармаларын тыңдады.
Славян мәдени орталығы 2015 жылғы желтоқсанда «А.Барто – всем детям ровесница» атты халықаралық байқау жариялаған болатын. Ұйымдастырушылар Агния Бартоның өлеңдері ХХІ ғасырдың балаларына түсінікті ме, оның шығармалары қазіргі замандағы оқушыларға керек пе деген сұрақтарға жауап тапқылары келді. Осы сұрақтардың жауабы байқауға қатысушылардың жұмыстарында көрініс тапты. Бұл іс-шараға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан және Ақмола облысынан, Ресей Федерациясының Новосібір және Омбы қалаларынан және де Германиядан 1-11 сыныптарда оқитын 400-ден астам оқушы қатысты. Ақынның шығармасына деген сүйіспеншіліктерін балалар өлеңдерінде, әдеби эсселері мен суреттерінде көрсетті.
Жұмыстарды құрамында Елена Игнатовская, Ольга Григорьева, Елена Вайберт, Марина Юрченко сияқты ақындар және суретші Александр Колодин бар көрнекті әділ-қазылар бағалады. Сондай-ақ іс-шара шеңберінде халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Айтпаев Мақсат
Смағұлова Назыгүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Семей: Орамал – инабаттылықтың символы және бойтұмар
-
Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті
-
ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Семей: Орамал – инабаттылықтың символы және бойтұмар
-
Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті
-
ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды