Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қыркүйек, 2022

1003

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақстан халқы тілдері күні» іс-шарасы

Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Қазақстан халқы тілдер күні» атты іс-шара өткізілді.

2021 жылғы 23 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-сессиясында 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық естелік күндер күнтізбесін бекіту туралы арнайы қарар қабылданды, оған Қазақстанның ұсынысы бойынша мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ағартушысы, ақын және ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуы кірді.

А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған Қазақстан этностарының тілдер күнін Республикалық Достық үйінің басшысы Н.А. Алтекова мемлекеттік тілде ашты. Философия, саясаттану, дінтану институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор С. Т. Сейдуманов және қазақ тілін дамыту саласындағы қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.А.Осман құттықтау сөз сөйледі.


Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен ынтымақтастықта (Алматы қ.) мемлекеттік тілде А. Байтұрсыновтың мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметін көрсететін «Мәңгілік тұлға Ахмет Байтұрсынұлы – архив құжаттарында» атты құжаттық көрмесі және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен (Алматы қ.) «Қазақ руханиятының көсемі. Қазақ әдебиеті, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» атты бірлесе кітап көрмесі дайындалды және өткізілді. Сонымен қатар ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, Алматы қаласы мен қазақ- түрік лицейінің (Талғар қаласы, директор - Д. Н. Бадалова) барлық қатысушыларын қызықтырды.

Қазақстан жастары мен этнос өкілдеріне арналған «Ұлт ұстазы» зияткерлік семинарының модераторы Асматов Е.М. - «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» төрағасының орынбасары, «Уйгур авази» газетінің бас редакторы ақынның көрнекті тұлғасы туралы қысқаша айтып, мына спикерлерді ұсынды: Г. Р. Нұрымбетова - Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы, саяси ғылымдарының докторы («Ахмет Байтұрсынұлы және тіл» қазақ тіліндегі баяндама), С.Б. Қоянбекова - филология ғылымдарының докторы, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ политехникалық зерттеу университетінің профессоры («Мемлекет қайраткері, ағартушы, ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлы» қазақ тіліндегі презентация-баяндама), А.Т. Абдуллина - Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты.


Модератор С.В. Ананьева «Беларусь мәдени орталығы» төрағасының орынбасары, Алматы қаласындағы ғылыми-сараптама тобының орынбасары, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының талдау және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, «Властелин духа» романы жайлы ой бөлісті. Романың авторы А.К. Ахетов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, жазушы, прозашы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен белсенділері аталған шараға белсенді қатысты. Одан әрі этномәдени бірлестіктердің өкілдері А.Байтұрсыновтың идеяларын грек тілінде «Филия» Қазақстан грек қоғамдары қауымдастығының» төрағасы - Г. К. Иорданиди, ұйғыр тілінде мектеп және мұғалім туралы «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» төрағасының орынбасары, «Ұйгур авази» - Е.М. Асматов, адам өмірі туралы орыс, славян, казак ұйымдарының Қауымдастығы филиалының төрағасы (Алматы қ.) - В. С. Шихотов, әзірбайжан тілінде білім беру туралы - Искандарова Ильнара; 2022 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстандағы балалар жылына байланысты «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының маңызды тапсырмаларын атап өтіп, поляк тілінде мемлекеттің балаларға қамқорлық жасауының маңыздылығы туралы «Вензь» поляк орталығының актвисті, «Almatynski kurier Polonijy» журналының редакторы – Ю. Серебрянский сөз сөйледі.

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған Қазақстан этностары тілдері күнінің ерекше бөлігі ретінде актриса, режиссер және педагог «Вайнах» Қазақстан шешендері және ингуштері қауымдастығының» республикалық мәдениеті бойынша жауапты Зура Алаудинқызы Ахмадова дайындаған «Ассамблея жастары» мен этномәдени бірлестіктер жастарының әдеби композициясы болды.


Мемлекеттік тілде О.Мохаммедсаруар, орыс тілінде Ә.Сатылғанова «Ассамблея жастарының» белсенділері (Алматы қ.) іс-шараны жүргізді. Этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының өкілдері А. Байтұрсыновтың қазақ тіліндегі «Жұртыма» (Мохамед саруар Омар - ауған орталығы «Ариана»), «Анама хат» (Минко Роман, Алматы қаласындағы «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының» филиалы), «Қазақ қалпы» Таштемиров Нұрсұлтан – қырғыз этномәдени бірлестігі «Мурас»), «Оқуға шақыру» (Сон Диана – «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ ), «Тарту» және «Жұбату» (Байрамов Али Вугар-оглы и Абдуллаева Динара Забитқызы - « Әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ), «Ғылым» (Джабраилова Азар – «Вайнах» Қазақстанның шешендері мен ингуштерінің Қауымдастығы» және Алиев Селим ( «Ахыска» түрік этномәдени орталығы), «Қазақтың жермен қоштасқаны» (Сатылғанова Ә. – «Ассамблея жастары» Алматы қ.) өлеңдерін оқыды.

А. Байтұрсыновтың идеялары қазақ, орыс тілдерінде, иврит тілінде (Арашкевич Илана – «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдарының қауымдастығы»), дүнген тілінде (Мухсеев Мухаммад - Алматы қаласындағы «Щинсын» дүңған мәдени орталығы), түрік тілінде (Джихантимур Аслы - «Ахыска» түрік этномәдени орталығы»), шешен тілінде (Джабраилова Азар - «Вайнах» Қазақстанның шешендері мен ингуштерінің Қауымдастығы») баяндады. Әдеби композицияның барлық қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

Қазақстан халқы тілдер күніне «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының «Ұйғыр авази» республикалық газеттері (Асметов Е. М. - бас редактор), «Ахыска» түрік этномәдени орталығының «Ахыска» (Р. М. Исмайылов - бас редактор, Алматы қаласындағы Достық үйінің этноБАҚ журналистері мен сарапшылары клубының жетекшісі), «Deutschе Allgemeine Zeitung (Daz)» (Т. Либобахин қызметкері - «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» ҚБ мүшесі), «Коре Ильбо» (К.С. Ким - бас редактор), «ҚОСК» Жаршысы» (Қазақ-станның орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы) - Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы - В.С. Щихотов) ұсынған этноБАҚ белсенді қатысты. А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған Қазақстан этностарының тілдері күнінен кейін аталған барлық газеттерде аталған іс-шара бойынша ақпарат пен материалдар қазақ, орыс, ұйғыр, түрік, корей тілдерінде жарияланады.

ҚР БҒМ М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты және Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты іс-шараға белсене қатысып, этномәдени бірлестіктердің әдебиет саласындағы жастарына қазақ және орыс тілдерінде кітаптарды сыйға тартты.


Кейін қарай