Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2015

997

«Ахыска» газетіне 15 жыл!

2015 жылғы 21 қазанда сағат 19.00-де Қазмедиа орталығында (Астана қ. Қонаев к-сі,4) «Ахыска» газетінің 15-жылдық мерейтойы атап өтілді.

2015 жылғы 21 қазанда сағат 19.00-де Қазмедиа орталығында (Астана қ. Қонаев к-сі,4) «Ахыска» газетінің 15-жылдық мерейтойы атап өтілді.

Айтулы мерейтойда Бүкіләлемдік түрік-ахыска ассоциациясының Президенті Зиятдин Касанов, Астана қаласындағы Түрік елшісі Невзат Уянык, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Шанаи, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов өздерінің құттықтау сөздерін сөйледі.

Сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, Түрік Республикасының Қазақстандағы елшісі, Түркияның Алматыдағы Бас консулы, ТИКА, Юнус Эмре орталығы, түрік бизнесмендері, этномәдени бірлестіктер, елорданың қонақтары мен тұрғындары және БАҚ өкілдері мерекелік іс-шараға қонақтар ретінде қатысты.

  

  

Кеш барысында Зиятдин Касановқа БҰҰ жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының «Ақпараттық қоғамды дамытудағы еңбегі үшін» Жоғары Ордені, сондай-ақ «Ахыска» газетінің 15-жылдығына арналған мерейтойлық медальдер салтанатты түрде табыс етілді. Ресми бөлімнің соңы Қазақстан және Әзірбайжан әртістерінің қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

***

  

  

«Ахыска» газеті 2000 жылдың 19 қазанынан бастап шығарылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы қамқорлығында және қазақ, түрік және орыс тілдерінде шығады. 2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық қоры ұйымдастырған, бейбітшілік және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша өткізілген этномәдени бірлестіктердің үздік БАҚ байқауында I орын алды.

____________________________

«Ахыска» газетінің редакциясы:

Тел.: +7 727 3572410, +7 727 3572415

E-mail: info@ahiska-gazeta.com, ahiska60@mail.ru

www.ahiska-gazeta.com

 

Кейін қарай