28 Ақпан, 2022
800
Алғыс айту күні қарсаңында Түркістандағы «Достық» аллеясына ағаш көшеттері отырғызылды
Алғыс айту күніне орай, Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен «Достық» аллеясына ағаш отырғызу шарасы өтті.
Игі шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» КММ және «Ассамблея жастары» РҚБ, жастар ұйымдардың басшылары, еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.
Әуежай маңында орналасқан жасыл белдеу аймағында жалпы 500-ге жуық қарағаш, шырша, т.б. ағаш көшеттері отырғызылды. Осылайша, шараға қатысушылар Президенттің орман алқаптарында 2 млрд. ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындауға өз үлестерін қосты.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов Алғыс айту күнінің маңыздылығына тоқталып, қала аумағын тазалау және ағаш отырғызу жұмыстарына шаһар тұрғындарын белсене қатысуға шақырды.
– Алғыс айту күні - жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Облысымызда осы мерекеге орай онкүндік басталған болатын. Онкүндік аясында қайырымдылық акциялары, суретшілер байқауы, этнос өкілдері арасында қазақ қаламгерлерінің туындыларын мемлекеттік тілде орындау байқауы өткізілді. Бүгінгі ағаш отырғызу шарасының да маңызы ерекше. Біз әрдайым сүйікті қаламыздың таза да жасыл болуына өз үлесімізді қосуды азаматтық ұстанымымыз деп қабылдаймыз, - деді ол.
Айта кетейік, биыл жоспарға сәйкес, қала аумағында 200 мыңнан аса ағаш егу жоспарланған. Қазіргі таңда, климатқа бейімді интродуцияланған ағаш көшеттері – айлант, қарағаш, боз арша, акация егілуде. Сонымен бірге, күл ағаш, үйеңкі, жиде, ива ағаштары да шаһардың жасыл желегін көркейтеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06