
02 Наурыз, 2016
3869
Алғыс айту күніне арналған сайыстар
Мен Отаныма ризамын,
Рух еркіндігі мен көзқарас айқындығы үшін,
Ұлы Даланың кеңдігі үшін,
Қазақстандық болу басты сый!
1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні біз жаңа мереке – Алғыс айту күнін атап өтеміз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Алғыс айту күнін атап өту керек деп ұсыныс айтқан болатын. Оның мақсаты – өз Отанына, бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көп ұлтты халыққа ризашылық білдіру. Ең бастысы, жаппай жазалау жүргізілген жылдарда Қазақстанға еріксіз жер аударылған халықпен қолда барымен бөліскен, көмектесіп, қорғаныш болған қазақ халқына алғыс айту.
Алғыс айту күні қарсаңында «Павлодар облысы фин-угор этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі «Мен өз Отаныма ризамын....» авторлық өлеңдер сайысын және «Мен қазақстандықпын, мен Ассамблеяның бір бөлшегімін» - атты суреттердің шығармашылық сайысын жариялады. Оған этномәдени бірлестіктер мен қала мектептерінің 30-дан астам оқушылары қатысты.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау «Қоғамдық келісім» КММ акт залында өтті. «Мен өз Отаныма ризамын....» авторлық өлеңдер конкурсы бойынша 1-ші орынды «Отан» өлеңімен №38 мектептің оқушысы Сұраған Ғұмырзақ және «Я благодарен Родине своей....» өлеңімен фин-угор ЭМБ жастар қанатының көшбасшысы Олег Николашин иеленді. 2-ші орынға «Ризамын анама» өлеңімен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана жанындағы ақындар клубының белсендісі Өмірхан Сұңқар ие болса, 3-ші орынды «Халықтар достығы» өлеңімен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана жанындағы ақындар клубынің белсендісі Мөлдір Мауытайқызы иеленді.
«Мен қазақстандықпын, мен Ассамблеяның бір бөлшегімін» атты суреттер сайысы бойынша 1-ші орынға «Эльпида» грек бірлестігінің мүшесі Корсун Алена және «Возрождение» облыстық немістер қоғамының қатысушысы Ерыгина Софья ие болды. 2-ші және 3-ші орындар тиісінше Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің мүшесі Карашашева Дарья мен татар-башқұрт орталығының белсендісі Баширова Дианаға бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар беріледі. Осы сайыстар жыл сайын өткізілетін болады. Сайыс қорытындысы бойынша бүктеме жасалады деп жоспарлануда.
Финно-угор ЭМБ ұйымдастыру комитеті
Смағұлова Назыгүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы