Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2017

1234

Алғыс айту күніне орай

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 түзету мекемесі мен ЗК-169/1 уақытша ұстау изоляторында Алғыс айту күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен бірлескен кездесу кеші өтті. Оған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Lev ami» еврей этномәдени бірлестігінің, «Беркат» шешен этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, жазасын өтеп жүрген және уақытша ұстау изоляторының 200-ден астам азаматы қатысты.

Іс-шарада «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ержан Уәйіс сөз сөйледі. «Алғыс айту күні барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн деп білемін. Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Мерейлі мереке баршаңызға құтты болсын», - деді.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктер мүшелері мерекеге арнап концерт қойды. Ал, ЗК-169/5 түзету мекемесі мен ЗК-169/1 уақытша ұстау изоляторы тарапынан келген қонақтарға кәдесыйлар берілді.

Кейін қарай