Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2017

1236

«Алғыс айту» күніне орай өткізілген жиын

«Достық үйі» ғимаратында М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі мен Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – менің өмірім мен тағдырым» атты кездесу өткізді.

Өз сөзінде М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Тұрдыева: «1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ал 2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойын атап өту барысында дәл осы күнді этностардың бір-біріне және оларға қамқорлық көрсетіп, қонақжайлылық танытқаны үшін ризашылығын білдіретін мереке ретінде оны «Алғыс айту» күні деп жариялау туралы ұсыныс айтқан болатын. 2016 жылдың 15 қаңтарында Елбасымыз «ҚР кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Жарлығысына өзгерістер енгізіп, елімізде 1 наурыз – «Алғыс айту» күні болып жарияланды», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, жиналғандарға Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың қоныс аудару тағдыры, бірлігі, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында айтты.

Кездесуді қорытындылай келе М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы М.Тұрдыева белсенділерін алғыс хат пен сыйлықтармен марапаттап, Қазақ елінің бірлігін сақтауда, қоғамдық келісім мен отансүйгіштікті нығайту жолында еңбектеріне алғысын білдірді.

Кейін қарай