
02 Наурыз, 2016
941
Алғыс күніндегі телекөпір
1 наурыз күні Қостанайда көрмелер ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар, сонымен қатар бірнеше өңірді байланыстырған бірегей телекөпір өткізілді.
Достық үйі биыл өзінің 10 жылдығын атап өтпек, осы атаулы күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Достық үйінде алғаш рет болды.
Архимед Бегежанұлы барлық этномәдени бірлестіктердің орталықтарын аралап, қауымдастық төрағаларымен танысып, қандай жұмыс жүріп жатқандығын және туындаған мәселелері жайында сұрастырды. Достық үйінде қатарынан үш көрме жұмыс істеді – кітап көрмесі, «Ассамблея тұлғалары» фото көрмесі және «Менің отбасымның тарихы елімнің тарихында» көрмесі. Онда атақты қостанайлық отбасыларында сақталған сирек кездесетін заттар, ретро-фотолар ұсынылды. Экспонаттар арасында бұрынғы КСК директоры Шәміл Капкаевтың көне көпес самауырыны, Федоров ауданында тұратын Финк дәрігерлер отбасында сақталған 1893 жылғы неміс үрме сырнайы, облыс тұрғыны, Бостандық аралынан келген Карлос Мануэль Льянес Равенеау әкелген кубалық дабылдар, маракстар және сабаннан жасалған қалпақ – сомбреро көзге түсті.
- Бұл көрме ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көп ұлтты Қазақстан тарихын көрсетеді. Көрме 1 наурыз аясында екінші рет өтіп жатыр. Біз бұл күнді Ассамблеяның құрылған күні деп қана емес, сондай-ақ биылғы жылдан бастап Алғыс айту күні ретінде мерекелейтін боламыз, - деп атап айтты облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г. Құдайқұлова.
- Концерттік бағдарлама тек Достық үйінде ғана емес, сондай-ақ Қостанай қаласының сити-орталығында қала әкімі Базыл Жақыповтың қатысуымен өтті. Ол жұртшылықты жаңа мерекемен құттықтап, қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға мыңдаған неміс, поляк, кәріс, Солтүстік Кавказ халықтарының жер аударылғанын, оларды қазақ халқы қабылдап, қамқор болғанын, бір үзім нанымен бөліскенін атап көрсетті..
Осы жиында өздерінің қазақ халқына деген алғыс сөздерін «Шарқ» тәжік-өзбек ЭМБ төрағасы Э. Холметов, кәріс қауымдастығының жастар қанатының көшбасшысы Марина Лян және «Бирлик» ЭМБ жастар қанатының көшбасшысы Зульфия Набиева білдірді.
Негізгі іс-шаралармен қатар Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды, Набережные Челны және Қазан қалаларының өкілдерімен Алғыс айту күніне арналған телекөпір өтті. Қостанайлықтар қарағандылықтармен бірлесіп Татарстанның өкілдеріне жаңа мереке, олардың бастауы туралы әңгімелеп берді. Диалогқа қатысқан Қазан мен Набережные Челныда тұратын қазақ диаспорасының өкілдері бұл жаңалықты қуана қоштап, жақсы тілектерін білдірді. Телекөпірге қатысушылар достық, жақсылық және қайырымдылық туралы өз туған тілдерінде өлең оқыды. Қостанайлықтар өз кезегінде оларға Ұлы Абайдың тілінде бірнеше өлең сыйлады.
Сондай-ақ Алғыс айту күні қарсанында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері облыстық балалар үйінде қайырымдылық концертін өткізіп, тәрбиеленушілерге тәтті сый-сияпаттар үлестірді.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды
-
Кәріс ұлтының Қазақ халқына мың алғысы: Қарағандыда Ескерткіш орнатылды
-
Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті
-
Алматы облысында Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығын атап өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды
-
Кәріс ұлтының Қазақ халқына мың алғысы: Қарағандыда Ескерткіш орнатылды
-
Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті
-
Алматы облысында Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығын атап өтті