18 Маусым, 2019
3953
Альберт Рау: Отандық кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін әлі де көп жұмыс істеу керек
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық тобының отырысында Альберт Рау сайлауалды тұғырнамадан туындайтын төрт басымдыққа тоқталды. Олар – қағидат, сабақтастық, әділеттілік, үдеріс.
Сонымен қатар депутат жекелеген басымдықтар бойынша тұрақты және серпінді экономикалық өсу арқылы халықтың табысы артатынын атап өтті. Оның ойынша, мемлекеттік бюджетті ең алдымен сапалы жұмыс орындарын дамыту және құру мақсатына қайта қалыптастыру қажет.
Оның сөзінше, қазіргі кезеңде үшінші бесжылдықтың бағдарламасы әзірленуде. Мемлекеттік қолдау шараларының экспорттық-бағдарланған өнім алуы маңызды. Сондай-ақ экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға неғұрлым мемлекеттік қолдау көрсету қажет.«Біз 2050 Стратегиясында жоспарланғаннан 12%-ға артта қалып отырмыз. Мен мұны үнемі Үкімет назарына ұсынамын», – деді А. Рау.
Сонымен қатар ол этномәдени бірлестіктер экономика тұрғысында өз тараптарынан үлес қосуға ұмтылуы тиіс және технологиялар трансферті бойынша жұмысты жандандыру қажет екендігін атады. Бұл бағытта Германиямен әріптестікте жұмыс басталып та кетті.«Сонымен қатар қарапайым заттардың экономикасына үлкен көңіл бөлу керек. Бірақ БЖК-2020 бойынша даму институттары жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындардың 1%-ға жуығына қолдау көрсететінін айта кету керек. Сондықтан да бағдарламада айтылғандай, отандық кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін әлі де көп жұмыс істеу керек», – спикер.
Осы орайда айта кету керек, Германия Индустрия 4.0. технолгиясының көшбасшысы. Оның ішінде аграрлық секторда. Қазақстан бұл тәжірибені дәйекті түрде тарататын болады – қазір екінші агрофоруммен жұмыс істеуде.«Соңғы жылы біз «Возрождение» немістер кеңесінің экономикалық құрамдастарын құрдық. Герман экономикасының Шығыс комитетімен, Қазақстандағы Герман экономикасының өкілдігімен, Герман шаруалары одағымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Өткен жылы алғашқы Қазақстан-Герман аграрлық форумы өтті. Ол аграрлық сектордағы ынтымақтастық пен технологиялар трансферті үшін үлкен әлеуетті көрсетті. Қорытындысында Германияның Ауыл шаруашылық министрлігімен келісім жасалып, қазір сүт өндірушілер үшін құзыреттілік орталығын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол ветеринариядағы, мал азығын өндірудегі үздік тәжірибе мен білімді тарататын болады. Орталық күзден бастап үш жылға дейін тағы үш жылға ұзарту мүмкіндігімен жұмыс істейтін болады. Бұл орталық осы секторда жұмыспен қамтылғандардың барлығына көмектеседі», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Депутат: «Бірақ Индустрия 4.0 тау-кен металлургия секторы индустрия элементтерін енгізуге барынша дайынбыз. Біз бірнеше Герман фирмаларын тарттық, өкілдік аштық. Айтпақшы, өкілдікте Германияда білім алған қазақ балалары жұмыс істейді. Экономикаға жақсы мамандар жетіспейді, бұл ретте дуалды оқыту ең тиімді. Бұл тұрғыда жан-жақты жұмыс жүргізудеміз. Үкімет колледждерді бизнеске басқаруға беруге дайын. Біз агроколледж үшін Германдық әріптестерді тартқымыз келеді. Алғашқы тәжірибе бар – Кентау трансформатор зауытының колледжіне неміс оқыту компаниясы енді», – деді.
Қауымдастық талқылауына ұсынылған «Возрождениенің» даму бағдарламасында жастар, олардың бәсекеге қабілеттілігі басымдыққа ие.
Естеріңізге сала кетейік, ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қазақстанда бизнес-форум мен көрме өткізу бастамасын көтерген болатын. Ол күз айында өтеді деп күтілуде.
Альберт Раудың айтуынша, бұл форумға белсенді қатысуға дайын. Тарихи Отанына көшкен жерлес неміс этносы өкілдерінің қайта елімізге оралуына байланысты мысалдар жетерлік. Қазіргі таңда олар жеке кәсіппен айналысып, кәсіпорындарды басқарып отыр. Яғни, форумда көрсететін тәжірибе бар.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
вчера, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
вчера, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
вчера, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
вчера, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті