29 Сәуір, 2022
841
Алексей Лодочников: Жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуы керек
Блогер, музыкант Алексей Лодочников:
— Кеше Жастар Ассамблеясында жастар тақырыбы белсенді әрі кеңінен талқыланды. Атап айтқанда жастар қауымы өзекті мәселелер мен жастар белсенділігін дамыту және олардың жұмыс істеуінің жаңа жолдарын қарастыру болды. Осыған орай өз ойымды қосайын деп едім. Ашығын айтқанда әрбір жас азамат үшін өзінің сүйікті ісімен айналысуға, қызықты өнерді меңгеруге барлық мүмкіндіктер бар. Жастар мемлекет тарпынан да қолдау тауып келеді. Сіз жариялаған реформалар жаңа мүмкіндіктер кезеңі дер едім. Әсіресе жастар үшін маңызы зор. Мәселен Жастар кадрлық резервін алатын болсақ, 350 жас маман мемлекет ісініе араласуға жақсы мүмкіндік алды. Сайлау да жастарға депутат ретінде маңызды қоғамдық мәселелерге араласуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар өзіңіз жариялаған саяси реформалар елдің тынысын ашты. Ол жастардың мемлекет ісіне араласуына жол ашады. Бұл өте жауапты іс екенін түсінуіміз керек. Саяси партия ашқысы келетіндер өте көп. Саясатқа ойнап емес, ойлану бару керек. Ең дұрысы жастар білікті маман болуы керек. Мен қазақ тілін меңгере алдым. Қазақ тілінде сөйлеймін. Домбырамен қазақ тіліндегі әндерді де ойнаймын. Мен сияқтылар өте көп. Әлеуметтік желіде белсенділік танытып, қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға бағытталған контент жүргіземін. Бұл — менің таңдауым. Сондықтан барлығымыз әсіресе жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуымыз керек.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті