Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қазан, 2023

221

Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті

2023 жылғы 17 қазанда Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, кәсіби медиатор, ҚХА медиация кеңесінің мүшесі, «Парасат» медиация және құқық орталығы жеке мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Неміс университетінің доценті Гүлмайдан Урозбаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Талшин Италиева, сарапшылар, ҚХА республикалық медиация және қоғамдық құрылымдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шара аясында әлеуметтік шиеленістің, ксенофобияның, төзімсіздік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын әзірлеу және іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мүддесінде диалог алаңы қоғамда толеранттылық пен өзара келісім мәдениетін тәрбиелеу, медиация мәселелерін оқыту үшін ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары мен ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы өзара іс-қимыл тетігін айқындау бойынша мақсаттарды қояды.


Өз сөзінде Ғалым Шойкин этномедиаторларда құзыреттіліктің жоғары деңгейі, келіссөздер жүргізуде, жағдайды мониторингілеу мен бағалауда, тиімді коммуникацияларды жолға қоюда, шиеленіс деңгейін төмендетуге қажетті түрлі жұмыс тәсілдері, құзыреттілігі, жоғарғы білімі мен дағдылары болуы тиіс екенін атап өтті.

Бұдан әрі спикер өңірлерде дағдарыстың алдын алу және оған қарсы шаралар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Дәл осы жерде азаматтардың этникааралық негізгі мәселелер бойынша хабардар болу деңгейін арттыру және жанжалдардың алдын алу және реттеу жөніндегі мамандар ретінде этномедиаторлардың әлеуетін біртіндеп арттыру маңызды.


Өз кезегінде ҚХА Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов медиация институтын дамытудағы ҚХА қызметін саралап, қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің басты міндеті медиация міндеттерімен тікелей байланысты екендігін айқындады.

ҚХА медиация кеңесінің отырысында айтылған мәселелерді талқылау және медиаторлардың біліктілігін арттыру этносаралық қатынастардағы медиация мәселелері бойынша үш күндік семинар-тренинг шеңберінде жалғасады. Сондай-ақ қатысушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып ситуациялық тапсырмаларды шешеді.


Кейін қарай