29 Шілде, 2022
83
Алматы қаласы республикалық Достық үйінде қазақ тілін үйренушілердің саны артуда
Алматы қаласы республикалық Достық үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдері мен тіл үйренуге ниет білдірушілерге арналған қазақ тілі курсында оқушылар саны артуда. Бұл туралы бүгін мемлекеттік тілді авторлық әдістеме бойынша оқытып жүрген қазақ тілі мұғалімі Оксана Нәбиева айтып берді.
«Курсқа қатысуға ниет білдіріп, қызығушылық танытқандар саны күннен-күнге артуда. Мәселен, курс ашылған кезде 45 адам жиналған болатын. Жас ерекшелігі – 5 жас пен 56 жасты құраған. Ал, бүгінгі таңда оқушылардың жалпы саны 120 адамға артты», – деп жеткізді О.Нәбиева.
Жас ұстаздың айтуынша, авторлық әдістеме тілдің тез игерілуіне және сол арқылы өмірдің барлық саласында жеңіл қолданылуына ықпал етеді. Осы себептен қатысушылар қысқа мерзімнің ішінде тіл меңгеру ісінде айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетуде.
Айта кетсек, қазақ тілі курстары қызығушылық танытқандарға тегін оқытылуда және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілді жеңіл әрі жылдам меңгеру мақсатында үйретілуде.
Ұқсас жаңалықтар
-
Иордания Хашимиттік Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юсуф Абдельғанимен кездесу
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы
-
Жаңа Қазақстандағы жастардың бейнесі
-
Алматыда Қазақстан дүнгендері республикалық этномәдени орталығының жиыны өтті
-
Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі «Бесік жыры» байқауын өткізді
-
Петропавл қаласында Сабантой мерекесі өтті