Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қыркүйек, 2022

468

Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2022 жылғы 21 қыркүйек күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойы аясында және Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері және еліміздің зиялылалары, тіл жанашырлары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесімен айналысатын өзге де тіл ұйымдарымен әріптестік-ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу.

Жұмыс барысында мемлекеттік қызмет, ғылым, қаржы, медицина, БАҚ, ғаламтордағы қазақша контенттерде және т.б. маңызды салалардағы қазақ тілінің өрісін кеңейту туралы ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Османның «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын алуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов атынан алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара соңында қатысушылармен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI Құрылтайында қабылданған шешімдерді іске асырудың негізгі механизмдері талқыланды.

Кейін қарай