20 Мамыр, 2022
505
Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ.Құсманғали Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
19 мамыр күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ.Құсманғали Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Алматы қаласында орналасқан 30-дан астам Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жұмыс барысында РММ директоры Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының жұмысымен таныстырып, алдағы уақытқа жоспарланған жобаларымен бөлісті.
Өз кезегінде қатысушылар ұйымдарының негізгі мақсаттары мен жұмысы туралы баяндап, қазіргі уақыттағы қоғамның өзекті проблемаларына алаңдатушылық білдірді.
– Қазіргі таңда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар елеусіз қалу фактілері байқалуда. Осы ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен аталған санаттағы отбасылар үшін берілетін мүмкіндіктердің кеңеюіне жаңа серпін беруі қажет деп санаймын. Сол себепті, Аналар кеңесімен бірлесіп қажетті бағыт-бағдар көрсететін жобаларды жоспарлауымыз кажет екендігін атап айтқым келеді. Сонымен қатар, алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тиісті деңгейде жүргізілмеуіне байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесіне жүгінуді жөн деп санаймын. Себебі ата-аналарының балаларды бағып-күту жағдайына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктерінің салдарынан медиацяның қажеттілігі байқалуда – деді «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Аида Заманбекова.
– Алматы қаласында 500 мыңнан астам студентті оқытатын 60 астам Жоғарғы оқу орындары бар. Өкінішке орай, мемлекет тарапынан берілетін шәкіртақыны студенттердің жалақы ретінде қабылдауына байланысты көптеген жастар несиелік проблемаларға тап болуда. Статистикаға сүйенер болсақ, 6000 мыңнан астам ЖОО студенттері микрокредиттік ұйымдардан қарыз алушылар қатарында. Бұл проблеманы шешуге ықпал ету үшін қаржылық сауатты арттыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен шараларды тұрақты түрде өткізуді қарастыру қажет – деді «РАХЫМ» Әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының жетекшісі – Бибінұр Шералиева.
Жиын соңында «Қоғамдық келісім» РММ директоры этносаралық келісім мен татулықты нығайтуға бағытталған барлық идеялар мен ұсыныстарға ашық екендігін жеткізді. Кездесуге қатысушылар өзара ақпарат алмасып, жаңа жобалар бастау мақсатында келесі жиналысты жаңа ұсыныстармен толықтыру жөнінде келісімге келді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті