Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Мамыр, 2022

337

Алматы қаласы Республикалық Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Берік Әбдіғалиұлының тіл жанашырларымен кездесуі өтті

Бүгін, 12 мамыр күні Алматы қаласы Республикалық Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Берік Әбдіғалиұлының тіл жанашырларымен кездесуі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының мемлекет және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, басқа да түрлі салалардағы тіл жанашырлары қатысты.

Жиын модераторы Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ­­– Құсман Кәрімұлы жиынға қатысушаларды таныстырған соң, алғашқы сөз кезегін Б. Әбдіғалиұлына берді.

­­­­­ – Қазіргі уақытта тіл мәселесімен Мәдениет министрлігі емес, Білім және ғылым министрлігі айналысатынын айта келе, қазақ тілін кәсіптік деңгейге көтеріп, мәртебесін күшейту туралы көптеген жобалар бар екенін атап өтті. Мәселен, бұрын аудармаларды тікелей аудараған болса, қазір аударманың нақты қазақ тілінің түпнұсқасымен сәйкес келуін қатаң бақылап, сәйкес келмеген жағдайда жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Сонымен қатар, «Көрнекі» жобасы арқылы тіл жанашырларына гранттар бөлініп, мәселеге түсіністік танытпайтындарды заң органдары арқылы шешуге болатынын жеткізді. Конституциялық Кеңестің шешіміне сәйкес, негізгі заңдағы мемлекеттік тілдің мәртебесі ресми тілден басым екендігін жан-жақты түсіндірді.

Алматы қаласының жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығының Президенті Сәбит Аманбаев өз сөзінде қоғамдық көліктердің күніне бір жарым миллиондай қала тұрғындарын тасымалдайтын көліктерде мемлекеттік тілде ақпарат таратып, танымдық мәліметтер беріп, роликтер көрсету арқылы ынтасы бар өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін насихаттауды ұсынды.


Жиын соңында Берік Әбдіғалиұлы мен Құсман Кәрімұлы сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар ескерілетінін айта келе, жиынға келген қатысушыларға мүшелік құжат табыстап, алғыстарын білдірді.

Кейін қарай