31 Мамыр, 2023
782
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған республикалық ғылыми - әдістемелік семинар өтті
2023 жылғы 31 мамырда Республикалық Достық үйінде (Алматы қаласы) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған Алматы қаласы және Алматы облысының этномәдени бірлестіктері мен жастары үшін республикалық ғылыми - әдістемелік семинар өтті.Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» РММ (Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы), Алматы облыстық ішкі саясат басқарамысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.
Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы мен Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асан Жандар Тұрарұлы алғашқы сөз сөйлеп, ашты.
Қуғын-сүргін құрбаны болған қазақтың қоғам қайраткері, тарихшы, Түркістан автономиясының тұңғыш премьер-министрі, «Алаш Орда» мүшесі, қазақтың тұңғыш теміржолшы- инженері Мұхамеджан Тынышпаев пен оның ұлы Қазақстанның халық әртісі, КСРО кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышпаев жайлы Тынышпаева Елена Ескендірқызы атасы мен әкесі туралы айтып берді.
Интерактивті семинарда саяси қуғын-сүргін және Қазақстанға этностардың депортациялануын зерттеуші-ғалымдар «Кеңестік Қазақстандағы саяси құғын-сүргіндердің кезеңдері мен ерекшелектері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтынан Сатершинов Б.М., "Қазақстан халқы" тарихи интерактивті картасындағы саяси қуғын-сүргін және депортация" тақырыбында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтынан Уалтаева А.С. және «Қазақ босқындары тарихын зерттеу мәселелері (1920 - 1930 жж.)» тақырыбында Тілеубаев Ш. Б., "ХХ ғасырдағы этностарды Қазақстанға депортациялау: естеліктер және тағдырлар. Қазақстандағы депортацияланған корейлер (Жетісу облысы Қаратал ауданының мысалында) тақырыбында "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Ким Г.Н. баяндама жасап, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары: "Наири" Қазақстан Республикасы армян мәдени орталықтарының қауымдастығының" құрметті төрағасы, Алматы қаласы "Луис "армян мәдени орталығының" төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі - Карапетян А.М., "Ахыска" республикалық түрік этномәдени орталығы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі - Асиев Ш. А., "Филия" Қазақстан грек қоғамдары қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі - Иорданиди Г. К., Алматы облысы "Элефтерия" гректер қоғамының төрағасы, Алматы облысы Талғар ауданы № 17 орта білім беру мектебінің директоры, ҚХА мүшесі - Тифанциди Н.А. сөз сөйледі.
Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, облыстық және қалалық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары, Алматы қаласы мен Алматы облысының «Ассамблея жастары» белсенді атсалысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті