Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Желтоқсан, 2024

123

Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ және этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өзінің құттықтау сөзінде күрд этномәдени орталығының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларын іске асыруға қосқан үлесін атап өтті.

Іс-шара шеңберінде қазақстандық қоғамды дамытуға, ұлттық дәстүр мен мемлекеттік тілді дәріптеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының алғыс хаттарымен бірқатар ақсақалдар мен күрд этносының ардагерлері марапатталды.

Кейін қарай

Ең оқылымды