09 Желтоқсан, 2021
126
Алматы қаласында ҚХА-ның жыл сайынғы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы бастау алды
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Алматы қаласының Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға арналған жыл сайынғы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы басталды.
Форум 2019 жылдан бастап мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу мақсатында ашық интерактивті алаң форматында өткізілуде.
Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, филология және лингвистика саласындағы сарапшылар, қазақ тілінің оқытушылары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік тілді еркін меңгерген Қазақстанның этникалық топтарының өкілдері қатысуда.
Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайтуды талқылап, өз тәжірибелері мен тілді меңгерудің үздік тәжірибелері, қазақ тілін меңгерген азаматтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» дамуы және т.б. туралы айтып бермек.
Форумның екінші бөлімі аясында, яғни ертең, көрнекті қазақ ақын Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев - Ұлы дала абызы» тақырыбында мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Бірлік – береке бастауы
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті
-
Дихан Қамзабек: Өзгерісті өзімізден бастау керек
-
Қызылордаға германияның бас консулы келді
4 Мамыр, 12:30
Татулығымыз бір шаңырақ астында
4 Мамыр, 12:26
Бірлік – береке бастауы
6 Мамыр, 18:35
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
7 Мамыр, 09:24
Сіздерді егемен еліміздің елеулі мерекесі - Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!
9 Мамыр, 14:51
Қазір қоғамда тіл мәселесі белсенді талқылануда
Ұқсас жаңалықтар
-
Бірлік – береке бастауы
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті
-
Дихан Қамзабек: Өзгерісті өзімізден бастау керек
-
Қызылордаға германияның бас консулы келді