20 Сәуір, 2017
1504
Алматы қаласындағы ХБА колледжіндегі «Наурыз мейрамы»
2017 жылғы 20 сәуір күні Халықаралық бизнес академиясы колледжінде Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға колледж директоры Хисматуллина А.А., Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Ж.Ш., Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Мамсуров К.В., Алматы қаласы Колледждер ассоциациясының президенті Азисханов Ж.Н., Алматы қалалық мәслихат депутаттары, республикалық және қалалық ЭМБ жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, колледж студенттері және қонақтары қатысты.
Колледж студенттері Қазақстандағы барлық ұлттарға мән беріп, арнайы мерекелік концерт қойып, келген қонақтарға әр ұлттың ұлттық тағамдарын алдыларына ұсынды. Сонымен қатар, барлық ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, ұлттық қол өнерден көрме ұйымдастырылып, ұлттық билер мен әндер шырқалып, салтанатты мерекеге қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Колледжде алыс жақын шетелдерден келген студенттерді санағанда 21 ұлттан құралған 900 ге жуық студенттер оқиды.
Қорытынды сөздерімен колледж директоры А.А. Хисматуллина мен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ж.Ш. Мұрынова барлық
қатысушыларға рахметімен қатар тілек айтып, ары қарай әріптестік танытуға ұсыныс жасады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті