Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Сәуір, 2025

92

Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі белгілі спортшылар мен спорт шеберлерінің қатысуымен М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттарымен мотивациялық кездесу өткізді.

Кездесу барысында атақты спортшылар жеңістер мен сәтсіздіктер туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жету жолындағы қиындықтармен қалай күресіп, жеңіп шыққандары жайлы баяндайды. Сонымен қатар, кездесуде спорт, жеке мотивация, командалық жұмыс, тәртіп және табысқа жету үшін маңызды басқа да аспектілерге қатысты сұрақтар қойылды. ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттары өмір жолындағы табыс тарихын тыңдап, пайдалы кеңестер алды.

Олимпиада ойындарының жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Қанат Ислам, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, бокстан 3 дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының 14 дүркін чемпионы Қызайбай Назым Абайқызы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, бокстан әлем чемпионы Балкибекова Алуа Сәкенқызы аталған іс-шараның спикерлері болды.

Әлемдік жетістіктерге қол жеткізген табысты адамдармен осындай мотивациялық кездесулер өскелең ұрпаққа құнды сабақтар беріп қана қоймай, оларды өз мақсаттарына жетуге шабыттандырады.

Кейін қарай