
15 Қыркүйек, 2023
462
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде ҚХА Төраға орынбасарының Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының өкілдерімен кездесуі өтті
2023 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының Алматы қаласы бойынша филиалы кабинетінің ашылуы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов және өңірлік тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.
Шараны Марат Әзілханов өзінің құттықтау сөзімен ашты. Марат Әзілханов өңірлік тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелеріне қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда тиімді қызмет етуді және филиалдың жұмысына сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов өңірлік тәжік этномәдени бірлестігінің қызметі жайында баяндады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының жаңа төрағасы Махмудулоев Додар таныстырылды.
Шараның соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне және қоғамдық келісімді сақтауда белсенді қызмет етіп жүрген ЭМБ мүшелері «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.
Анықтама: «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» Астана қаласында 2022 жылдың қыркүйек айында ашылды, оның төрағасы Акбаржон Исмаилов болып сайланған болатын. Бұдан басқа орталықтың өңірлерде 11 филиалы жұмыс жасауда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы