13 Желтоқсан, 2021
426
Алматы облыстық ҚХА мүшелерінің кездесуі болды
Жетісу төрінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің Салтанатты кездесуі өтті.
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған салтанатты жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы қатысып, ҚХА жанындағы барлық құрылымдардың өкілдерімен жүздесіп, ой-пікірлерін тыңдады.
Шара барысында облыстық Ассамблеяның қызметіне арналған «Бірлік пен келісім жолымен» фильмі көрсетілді. Сондай-ақ, 2021 жылы «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған барлық шаралар аталып өтті.
Батыржан Құлаймергенұлы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 21 қазан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқанын, оның тиімділігін әлемдік қоғамдастық танығанын, ел бірлігін нығайтудың маңыздылығын, бұл бағыттағы жүктелген жұмыстарға тоқтала кетіп, Ассамблеяның ақпараттық жұмысын тиімді жүргізу, мәдениеттер диалогы, жалпыұлттық азаматтық патриотизмді арттыру, әлеуметтік, қылмыстық және тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмаларға тоқталды.
ҚХА құрылымдары этносаралық келісімді сақтауға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосып жатқандықтан Батыржан Құлаймергенұлы барлық құрылымдарға дән ризашлығын білдіріп, келер жылғы бір қатар жоспарлар талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті