30 Желтоқсан, 2022
383
Алматы облыстық ҚХА құрылымдары интернаттағы балаларға кітаптар сыйлады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры М.Илипов, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Беспаев, Қонаев қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Д.Нүсіпбекова мен белсенді мүшесі М.Нұрғалиева Қонаев қаласындағы «Кәусәр» ұлдар интернатына арнайы барып, мерекелік сыйлық ретінде кітаптар тарту етті.
М.Илипов интернат ұжымы мен тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Ассамблея жайлы және балаларға арналған ертегі кітаптарды интернат директоры Қ.Биахметұлы мен тәрбиеші Ж.Нәсібаеваға табыстады.
Мерекелік лебізін білдірген Д.Нүсіпбекова кезінде кітаптың ең үлкен сыйлық болғандығын, сол дәстүрдің интернат ұжымында жаңғырып жатқандығы көңілге қуаныш ұялататындығын тілге тиек етті.
А.Беспаев интернат кітапханасының қорын толықтырып жатқан кітаптардың құндылығы жайлы айта келе, ұжым қызметкерлері мен тәрбиеленушілерге ақ батасын берді.
Су жаңа кітаптарға ие болған балалар да қуаныштарын жасыра алмай, өз өнерлерін ортаға салды.
Интернат директоры Қ.Биахметұлы балаларға мереке сыйлаған қонақтарға жүрекжарды алғысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті