Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Тамыз, 2021

481

Алматы облысында Аналар кеңесі мыңнан аса іс-шара өткізді

Алматы облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жалпы саны - 271. Олар: 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық, 250 ауылдық округтерде құрылған, жалпы мүшелерінің саны 1456 адамды құрайды.

Құрамында облыстың, ауданның Құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері, маслихат депутаттары, маслихат хатшылары, зейнеткер ұстаздар, мектеп директорлары, зейнеткерліктегі саясаткерлер, батыр аналар, жеке кәсіпкерлер және білім, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлері бар.

Аналар кеңесі «Берік отбасы – берік мемлекет» тақырыбында, «Мәңгілік ел бесігі - Ананың жүрегінде» ұстанымын басшылыққа ала отырып, төмендегідей жобалар бойынша жұмыстар атқарып келеді: «Ақ отауға – ақ бата», «Ана - медиатор», «Рухтың күші - әкеде», «Жас отбасы мектебі», «Әйел және бизнес», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Ана денсаулығы – ұлт денсаулығы» және т.б.

2020 жылы жалпы 1100-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Әл – Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шаралар жоғары деңгейде өтті. Індетке байланысты карантин талаптарына сәйкес, онлайн форматта «Біз біргеміз», «Біз үйдеміз», «Ардагерлерді ардақтайық», «Асар» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.

Әр ауданда «Аналар мектебімен» қатар «Әкелер мектебі» құрылған. Кербұлақ ауданында «Рухтың күші әкеде» жобасы бойынша «Әкелер мектебіне» ер азаматтарды тарту, қоғамдық жұмыстарға араластыру, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында ауданда 500-ден астам әкеден «Сіз қандай әкесіз?» сұрағына сауалнама алынып, талдау жасалды. Ауданда бұл жоба бойынша Аналар кеңесінің форумы биыл да жалғасын тапты.


Іле ауданында «Әйел әлемі», «Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі» жобасы жүзеге асырылуда. «Ана» мектебі, «Әке» мектебі және «Қызғалдақ», «Қыз Жібек», «Шаңырақ», «Абайтану» қыздар үйірмесі жұмыстарын жалғастырып келеді.

Ұйғыр ауданында «Тәрбие басы – тал бесік» ауылдық округтегі Аналар кеңестерінің, аудандық ауруханада жас аналармен «Ана – отбасы тірегі» атты кездесу өтті.

Сарқан ауданында «Ана – медиатор» жобасының тәжірибесінде 2020 жылы 46 отбасын ажырасудан сақтап, 8 жеңіл қылмысты іс сотқа жеткізілмей, тараптар бітімгерлікке келді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық Аналар кеңесінің төрағалары Күлшарбан Қалиева «Сарқан ауданының құрметті азаматы», Айша Қанапияқызы «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы», Разимаш Ибрагимова «Панфилов ауданының құрметті азаматы» атақтарына ие болды. Бұл қоғамымыздың Аналар кеңесінің жұмысын жоғары бағалап отырғанының дәлелі деп білеміз.

Ағымдағы жылдың І жарты жылдығында облыстық, аудандық, ауылдық көлемде түрлі форматта 1200-ге жуық шара ұйымдастырылып, 15 000-дай адам қамтылды.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет!» облыстық форумында 40 белсенді аналар марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Аналар кеңесі аз қамтылған және көп балалы отбасыларға «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» акциясының аясында 3 000 000 теңгеге қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Панфилов ауданы Аналар кеңесі 30 құрақ көрпе тігіп, Жаркент қаласындағы «Мерей» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тапсырып, ауданды аббаттандыру мақсатында көшеге 300 түп гүл отырғызды.

Несіпжамал Баймадиева,

Алматы облыстық Аналар

кеңесінің төрайымы,

облыстың құрметті азаматы



Кейін қарай