28 Тамыз, 2018
1536
Алматы облысында екінші Халықаралық жастар лагері өтуде
Алматы қаласынан 32 шақырым жерде орналасқан «Арман дала» балаларды сауықтыру орталығында екінші халықаралық «Бірлік» жастар лагері өтіп жатыр.
22 гектарды алып жатқан сауықтыру орталығы көркем таудың сайында орналасқан.
Алматы қаласындағы Достық үйінің алдында алдынала тіркелу өтіп, орталық төңірегінде мекендеу ережесі және қауіпсіздік техникалары түсіндірілді.
Қатысушылар тек Қазақстаннан ғана келіп қоймай, көршілес елдер – Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан да келді. Алматыдан «Арман далаға» бет алған автобус бағытымен ұйымдастырушылар оңтүстік астананың көрікті жерлеріне шағын экскурсия жүргізді.
Аталмыш жазғы лагерьге этномәдени орталықтары, «Жаңғыру жолы» РЖҚ орталық штабы және жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатыр.
Шараға қатысушыларды ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Хадиша Ерсеитова қарсы алды.
«Кешенді даму академиясы» – «Divergent» жобасының жетекшісі Вячеслав Попов спикерлік еткен лагерьдің алғашқы күнінде тұлғалық даму және тайм-менеджмент тақырыптарында семинар-тренинг өтті. Тренингтің алғашқы минуттарынан аудитория, оның ішінде «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері пікір алмасу үдерісіне белсене кірісіп, спикерге қызықтырып жүрген сауалдарын қойды.
Әрі қарай Астана қаласындағы ұйғыр этномәдени орталығының жетекшісі, кәсіпкер Рустам Абдусаламов дағдыны қалыптастыру және имидж көтермелеу «Мен-бренд» тренингісін өткізді. Ол орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксер Геннадий Головкин туралы айтып берді.
«Ол менің жақын досым және жолдасым. Оның арманы асқақ болғандығынан, ол брендке айналды», – деді Р. Абдусаламов.
Спикердің пікірінше, мақсатқа жету үшін соның жетегінде болу керек. Сол «бір сәттерде көшбасшы болуға» және шынайы брендке айналуға көмегін тигізеді.
«Бірдеңеге қол жеткізу үшін шабыттану қажет. Шабыттың болуы – бұл әлденеге қол жеткізудегі нақты байыпты қадам», – деп түсіндірді ұйғыр этномәдени орталығының басшысы.
Өз сөзінде ол брендпен, өзіңмен, оның ішінде Ассамблея секілді салада жұмыс істеу – бұл өмір сүру үшін жағдай жасау және мықты әлеуетті саяси құрал екенін басып айтты.
Сонымен қатар спикер Қазақстан халқы Ассамблеясының жас көшбасшыларды тәрбиелеудегі рөлі туралы айқындап өтті.
Өз пікірлерімен бренд қалыптастырушылар Расул Абдуллаев (Юфрейм, Кекс және т.б.) пен Камиль Байрамов та бөлісті. Артынша лагерь аясында #БІРЛІК2018 хэштегімен әлеуметтік желілерде конкурс шартын жариялады.
Талапқа сай Қазақстан халқы Ассамблеясын, «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысын белгілей отырып, «Арман дала» лагерін сауатты сипаттайтын фото салу керек. Лагерьдің соңында жеңімпаздар үш номинация: «Ең танымал фото», «Ең креативті жазба» және «Ең көп талқыланған фото» бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Өз табыстарының тарихымен, өмір тарихымен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары: спортшы Серік Есматов, бионикалық қол протезінің авторы Мәулен Бектұрғанов және Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, қазақстандық ұлттық электронды кітапхананы құрастырушы Нұржан Жолдыбалинов бөлісті. Олар лагерь қатысушыларына мүмкін еместің, ажыратылмастың шекарасын бұзып, өз мақсаттарына жетіп, армандарын жүзеге асыра алғандары жайында әңгімелеп, шабыт берді.
Жастар слетінің екінші күнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов қатысушылармен кездесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің қоғамдық-саяси кеңістігінде жетекші позицияда екенін және жас ұрпаққа, болашаққа қамқорлық жасап отырғанын анық айтып кетті.
«Біз болашаққа, жас ұрпаққа қамқорлық жасаудамыз. Дамуға мүмкіндік беретін жобалар құрып, жағдайды оңалтып келеміз: құқықтық- «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, материалдық - біздегі барлық этномәдени бірлестіктердің, өңірлік Ассамблеяларының, барша Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ететін «Қоғамдық келісім» РММ құрылды, ғылыми – еліміздің және біртұтас Қазақстанның кеңестік - алқалық органның даму келешегін болжалдайтын және зерттейтін Қазақстанның үздік ойшылдары жұмыс істейтін ғылыми - сараптамалық кеңес құрылды», - деді.
Сонымен бірге ол лагерь қатысушылары іс жүзінде әр сессияларда, түрлі студенттік аудиторияларда айтылып жүрген жобалардың шынайылығын сезінуге жиналғанын айтты. Сондай-ақ әркім өз бағытында көшбасшы екенін де атап өтті.
«Қазақстандағы жағдайдың барлығы біздің көшбасшымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді, данышпан, мақсатты, бірізді саясатының арқасында пайда болды. Ассамблея идеясы - бұл біздің иделогия, ал Ассамблея қызметінің моделі - негізгі заңға орныққан теория мен бірлік тәжірибесі, келісім, тұрақтылық пен біздің халықтың бүтіндігі және конституциялық қағидаларды қамтамасыз етеді», - деді спикер
Сөз барысында Мәжіліс депутаты 30 тамыз Қазақстанда, барлық әлемде өмір сүріп жатқан жерлестеріміз, отандастарымыз Қазақстандағы Конституция күнін атап өтеді дей келе, жиын қатысушыларын осы атаулы күнмен құттықтады.
«Біздің Конституция әркімнің дініне, ұлтына қарамастан өз құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Сіздер біздің мойнымызда үлкен жүк барын пайымдауларыңыз қажет. Құқық пен жауапкершілік қатар тұрады», - деді спикер.
Лагерьдің жұмысы әрмен қарай «Табыс құпиясы» мотивациялық кездесумен және «Жаңғыру жолы» қозғалысы жұмысына жас буынды тарту имидждік жұмыс және оның жобаларын іске асыру» тақырыбында семинар-тренингпен жалғасатын болады.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 28.08.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
-
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен кездесуі өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
ҚХА төрағасының орынбасары Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні
5 Қыркүйек, 21:43
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
5 Қыркүйек, 07:56
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні!
5 Қыркүйек, 22:03
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы сенатор Сатвалдиев Алишер Гапиржановичпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:09
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы сенатор Геннадий Геннадьевич Шиповскихпен кездесуі өтті
5 Қыркүйек, 21:59
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы ҚХА сенаторларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
-
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен кездесуі өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
ҚХА төрағасының орынбасары Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні