Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қараша, 2020

6891

Алматы облысында «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

Талдықорғанда әр түрлі этнос жастарына арналған «Асыл сөз» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды.

«Мың бала» жобасының жеңімпаздары қатарында «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламасы бойынша Панфилов ауданы, Б.Назым атындағы орта мектебінің мұғалімі Халбинур Искакова, «Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу бойынша Ақсу ауданы Арасан ауылы, Б.Сырттанов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Александра Михеева, «Abaıdyń 175 jyldyǵy» (латын графикасын пайдалану, тілі - қазақ тілі) акциясын әлеуметтік желілердегі (инстаграм, фейсбук) жеке парақшаларына жарияланым жасаған түрлі этностардың жастары арасында Талғар ауданы №22 жалпы білім беретін орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кристина Гончарова болды. Олар Қолданбалы этносаяси зерттеу институтының Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықпен марапатталды.


Кейін қарай