16 Қараша, 2020
254
Алматы облысында он күнге созылған «Біз қазақстандықтармыз» фестивалі өз мәресіне жетті
5-15 қараша аралығында «Қоғамдық Келісім» КММ қолдауымен Алматы облыстық «Элефтерия» гректер қоғамы ұйымдастырумен өткен онлайн режимдегі «Біз қазақстандықтармыз» фестивалі аяқталды. Бұл іс – шара 14-ші рет аталып өтуде.
Оның мақсаты жастар арасында толерантты сананы қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдени мұрасын насихаттау болды.
Фестиваль үш кезеңнен тұрды: алғашқы дайындық кезеңінде сынып жетекшілер және ата – аналар, оқушылармен бірігіп, бейнепрезентация дайындады, ұлттық тағамдардың белгілі бір түрін дайындау бойынша шберлік сыныптары болды, сол сияқт халық шығармашылығы бойынша да қатысушылар сынға түсті. Екінші кезеңде бақ сынасушылар дайындалған бейнепрезентацияны әлеуметтік желіге беру бойынша бағаланды.
Фестиваль қорытындысы Талғар ауданы Панфилов ауылындағы №17 мектептің акт залында өтті.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Жандос Байқамитов, этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Сәуле Сурабалдинова, Қазақстанның «Филия» грек қоғамдары қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданиди, Алматы облыстық «Элефтерия» грек қоғамының төрағасы Наталья Тифанциди құттықтап, сөз сөйледі.
Қатысушыларды рейтингтік кесте бойынша бағаланып, жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
-
Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды
-
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
-
Е.Маржықпаев: «Облыстағы оң өзгерістерге әрбір этнос өкілінің қосқан үлесі бар»
26 Ақпан, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
26 Ақпан, 11:31
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
1 Наурыз, 16:45
Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды
26 Ақпан, 16:21
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
-
Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды
-
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
-
Е.Маржықпаев: «Облыстағы оң өзгерістерге әрбір этнос өкілінің қосқан үлесі бар»