05 Желтоқсан, 2019
1466
Алматыда күрдтердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған мерекелік фестиваль өтеді
6 желтоқсанда сағат 11.30-да Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның күрдтер қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) Қазақстандағы күрдтердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты мерекелік фестиваль өтеді.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Алматы қ. Мәслихатының депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің, Қазақстанның күрдтер қауымдастығы филиалдарының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен ҚХА жастар қанаты қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальдің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; Қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.
Іс-шара аясында «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел, кітаптар көрмесі, ескі заманның нысандарын көрсететін Қазақстан күрдтерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі, шығармашылық ұжымдарының концерті және күрдтердің ұлттық тағамдарын жасаудан шеберлік сыныптары өтеді деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті