Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2020

801

Алматыда ҚХА-ның дамуындағы әйелдердің рөлі талқыланды

Алматыда «Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуындағы әйелдердің рөлі» атты іс-шара өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан барлық әйелдер қауымын ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Саттар Мәжитов құттықтады. Ол ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің маңызды рөлі, олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды нығайту, қайырымдылық көмек көрсету және әйелдердің әлеуетін жүзеге асыруға көмек көрсету бойынша атқарған жұмыстары туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Дүниежүзілік Түрік-Ахыска Ассоциациясының төрағасы (DATÜB) Зиятдин Қасанов іс-шараға қатысқан барлық әйелдерді мерекемен құттықтай отырып, бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін ерекше атап өтті, әрбір этностың Қазақстанның біртұтас халқы ретінде елдегі ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту ісіне қосатын маңызды үлесін атап өтті.

Іс-шара аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясындағы өз жұмыстары туралы айтып өтті.

Кейін қарай