11 Қараша, 2022
364
Алматыда қоғамды біріктірудегі әдебиеттің рөлі талқыланды
10 қарашада Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Қазақстан жазушылар кітапханасында «Әдебиет мәдени феномен ретінде. ТМД елдерінің мәдениеті мен шығармашылығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры К.Матыжанов, ТМД елдерінің өкілдері: жазушы, «Художественная литература» баспасының бас редакторы Георгий Пряхин, Беларусь Республикасынан «Звязда» парламенттік газеті мен баспа үйінің бас редакторы Алес Карлюкевич қатысып, Қазақстан жазушылары одағының мүшелесі, жазушы Нұрдәулет Ақыш, РУДН кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Галай Карина, жазушы Саят Қамшыгер, филология ғылымдарының докторы Әлімжан Хамраев, «Қоғамдық келісім» РММ республикалық Достық үйінің қызметкері Жалғас Шыныбеков, ақын Абашев Айбол сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отандық әдебиет саласының қазіргі жағдайы, оның қоғамды ұйыстырушы әлеуетін талқылады.
Қатысушылардың айтуынша әдебиет халықтың рухани өмірінің бояуы. Әдебиет халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес келген жағдайда нағыз халықтық сипатқа ие болады. Осылай полиэтникалық қазақстандық қоғамда мәдениет феномені ретінде әдебиеттің ұйыстырушы әлеуеті, әрі рөлі өте маңызды.
Сонымен қатар өскелең ұрпақтың қалыптасуына, рухани қанық болуына әдебиеттің әсері зор екендігін айтып, жалпы мәдениеттің өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Этномедиацияны дамыту мәселелері талқыланды
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Марат Әзілханов «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жастарымен кездесті