
22 Маусым, 2021
380
Алматыда өткен семинарда этносаралық қарым-қатынастың этнопсихологиялық негіздері сөз болды
Алматы қаласы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған «Қазақстандық қоғамдағы этносаралық коммуникацияның этнопсихологиялық негіздері» тақырыбында офлайн-онлайн форматында кезекті республикалық семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясының жұмысы туралы бейнероликті көруден басталды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ, Достық үйлерінің басшылары мен қызметкерлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жарасым» жастар ұйымының өңірлік штабтарының өкілдері, ҚХА кафедралары мен ғылыми-сарапшылық топтары, жас ғалымдар, магистранттар, студенттер қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты этномәдени бірлестіктердің жастары арасында этносаралық коммуникацияның негізгі ұғымдары мен технологиялары туралы білім кешенін кеңейту, түрлі этностар өкілдеріне құрмет пен төзімділікті қалыптастыру, этносаралық қатынастар саласындағы бірыңғай міндеттерді іске асыру бойынша қызметтің негізгі құндылығы ретінде команда құру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ директоры Шауенов Ербол Солтыбекұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Ішпекпаев Жанатбек Ешенкожаұлы құттықтау сөз сөйледі. Бұдан әрі этносаяси зерттеу институты директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сарапшылық кеңесінің төрайымы Айгүл Кәкімбекқызы Сәдуақасова, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Шаңырақ» Қазақстан халқы ассамблеясы кафедралары қауымдастығының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Калашникова Наталья Павловна баяндама жасады.
Педагогика және психология магистрі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық ақпараттық - түсіндіру тобының сарапшы-психологы, қоғамдағы этносаралық коммуникация бойынша семинардың интерактивті бөлімінің жаттықтырушысы Шәкімова Лола Сергеевна «Қазақстан қоғамындағы этносаралық коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында интерактивті тренинг (этнопсихология негізіндегі этносаралық коммуникация бойынша жаттығулар, психологиялық тестілеу, рөлдік ойындар) өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды