01 Маусым, 2023
566
Алматыда «ТУҒАН ЖЕР ҚҰШАҒЫНДА» атты Республикалық ІІ фестиваль өтті
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі, белгілі суретші және педагог Марис Хитахуновтың шығармашылығына арналған «ТУҒАН ЖЕР ҚҰШАҒЫНДА» атты Республикалық ІІ фестиваль өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара «Қазақстан ұйғырының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі, «Ханим-қизлар» кеңесі, Алматы қаласы бойынша ҚҰ РЭМО филиалы, креативті Ұйғыр әйелдерінің «Шәбнәм» РҚБ, «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы», ЖК «Аламат» продюсерлік орталығының бірлесіп, қолға алған бастамасы.
Көрмені ресми түрде ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Сержан Бараханұлы ашып, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы Долхонтай Абдулхелил және аталмыш орталықтың құрметті өкілі Шаймардан Нұрымов сынды өзге де кеш қонақтары жылы лебіздерін білдірді. Ал кештің жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы - креативті Ұйғыр әйелдерінің «Шәбнәм» РҚБ жетекшісі Аруп Рози Кальбинур ханым.
Шара соңында жас өрендер ән айтып, би билеп, кескіндеме өнері бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Сонымен қатар «Менің балалық әлемім» атты асфальтта сурет салу байқауында бақ сынады.
М.Хитахуновтың шығармашылығында кескіндеме өнері маңызды орын алады. Шара қонақтарының назарына суретшінің Қазақстан табиғатын, керемет пейзаждарын көрсететін «Өріс», «Ауыл маңы», «Тау бөктері» және т. б. жұмыстары ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты