Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2017

717

«Алтын шаңырақтың» үздік журналистері

Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында журналистика саласындағы «Алтын шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауының қорытындысы жасалды. Бұл байқауы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының бастамасымен бес жылдан артық уақыт бойы өткізіліп, дәстүрлі байқауға айналды.

Бекітілген ережеге сәйкес оның мақсаты толеранттықты нығайту, ұлтаралық келісімді, азаматтық бірлікті, отансүйгіштікті, аймақтағы рухани-мәдени қоғамдастықты сақтау болып табылады.

ҚХАА іс-шараларын кәсіби деңгейде ашуды қарастыратын, қазақстандық отансүйгіштікті белсенді насихаттайтын адамдар мен жастар туралы, этномәдени бірлестіктердің қызметі, ЭМБ жастар қанаты туралы, Ақмола облысы аймағында өмір сүретін ұлттардың салттары, дәстүрлері, ұлттық тамақтары туралы ақпарат жариялауды көздейтін «Ассамблея – бірлікке бастар жол» номинациясында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспасөз басылымдары арасында бірінші орынды «Арқа ажары» облыстық газетінің журналисі Ырысгүл Темірханова және «Мобильная» апта сайын шығатын облыстық газеттің бас редакторы Фатима Рассолова бөлісті.

«Елі бірдің – тілі бір» номинациясында (мемлекеттік тілді білетін тұрғылықты емес ұлт өкілдерін кәсіби дәрежеде ашқаны үшін, мемлекеттік тілді дамытып, насихаттағаны үшін) бірінші орын «Акмолинская правда» облыстық газетінің журналисті Александра Мякотаға, екінші орын Ақмола облысы, Атбасар ауданы «Атбасар» аудандық газетінің журналисі Темірбек Қасымжановқа берілді.

«Мәңгілік ел - мұратым»  номинациясында (ұлтаралық қатынастар, мәдениетаралық диалог және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясаттың жетістіктерін ең жақсы ашқаны үшін) бірінші орын мемлекеттік тілдегі баспасөз басылымдары арасында «Көкшетау» қалалық газетінің журналисті Гәкку Асылбекқызына берілді. Орыс тіліндегі баспасөз басылымдары арасында бірінші орын Ақмола облысы бойынша «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі Шыңғысхан Тәшеновке берілді.

«Қоғамдық келісім» номинациясында (қалалардың, аудандардың, селолық округтердің әкімдері жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ең жақсы ашқаны үшін) «Степной маяк» газетінің аға шолушысы Марина Пушкарева марапатталды.

 «Объективте - достық» номинациясында (ұлтаралық келісім тақырыбында БАҚ жарияланған ең жақсы фотосуреттері үшін) «Көкшетау» газетінің фототілшісі Вячеслав Губанов жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар Ақмола облысының «Қазақстан - Көкшетау» телерадиокомпаниясының журналисі Сәния Көпжасарова, «Акмолинская правда» облыстық газетінің фототілшілері Ермұрат Досымов және Айбек Данияров, «Степной маяк» қалалық газетінің фототілшісі Валентина Отт алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұл күн ҚХАА «Менің отбасым – Отанымның бір бөлшегі» атты айрықша альманахының авторлары, көркем басылымның беттерінде Ақмола облысының жиырма бес құрметті отбасы туралы айтып берген журналистер үшін есте қаларлықтай күн болды, себебі олар Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қолынан алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар, гүлдер алып, ерекше құрметке бөленді. Альманахтың тұсаукесері Алғыс күні – 1 наурызда өтті.

ҚХАА жобасын іске асырған журналистердің шығармашылық тобы: Александра Мякота, Шыңғыс Тәшенов, Нина Митчинова, Иван Перерва, Раушан Утеулина, Лариса Аитова, Олеся Жагпарова, Фатима Рассолова, Аэлита Таева, Асель Турар, Марина Пушкарева және Бақыт Мұхамедрахимова–Тасова.

 

 

 

 

 

 

Кейін қарай