Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2023

103

Оралда "Шаңырақ" және "Үздік медиатор"шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Бүгін Орал қаласының Достық Үйінің ғимаратында "Жомарт жан" 2023 байқауының, журналистика саласындағы "Шаңырақ" және "Үздік медиатор"шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты - ағымдағы жылды қорытындылау, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсеткені, туған жерінде әлеуметтік жобаларды іске асырғаны, ақпараттық кеңістікте Қазақстанның көпұлтты халқының мәдениеті мен дәстүрлері туралы үздік материалдарды ілгерілеткені, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейткені үшін қатысушыларға алғыс айту және атап өту.

Салтанатты шараға облыс және аудан округтерінің Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктердің өкілдері, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубының мүшелері, қоғамдық медиаторлар, БҚО әкімдігінің ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, және БАҚ өкілдері қатысты.

Кейін қарай