Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Сәуір, 2024

73

БІРЛІК ЖҮГІРІСІ

ҚХА қамқорлығымен Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге дайындық аясында Астана қ. триатлон федерациясымен бірлесіп 2024 жылғы 28 сәуірде Астана қаласының триатлон-паркінде этномәдени бірлестіктердің, жастар және еріктілер ұйымдарының, спорт федерацияларының, жүгіру клубтарының және салауатты өмір салты әуесқойлары қауымдастықтарының өкілдерін тарта отырып, «Бірлік жүгірісін» өткізу жоспарлануда.

Анықтама: ҚХА қамқорлығымен алғашқы «Бірлік жүгірісі» 2023 жылдың 1 мамырында өтті және 250-ден астам қатысушыны жинады: республикалық және астаналық этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ, мемлекеттік органдардың, спорт жұртшылығының өкілдері. Былтырғы жарыс осы форматтың сұранысын көрсетті. ҚХА мүшелерінің салауатты өмір салтына қатысуы мен ілгерілеуін жұртшылықоң қабылдайды.

Спорттық іс-шара шеңберінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары, кәсіби төрешілік, жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау қамтамасыз етіледі.

Спорттық іс-шара алаңында этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуі жоспарлануда.

Марафондық, жартылай марафондық қашықтықтағы жарыстарды, 5 және 10 км спутниктік жарыстарды, сондай-ақ балалармен инклюзивті жарыстарды қоса алғанда, 1500 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Кейін қарай